Ойын алаңында найзағай соққан футболшы көз жұмды

5 мая 2018, 11:41

21 жастағы футболшыны осыдан екі ай бұрын ойын барысында найзағай соққан болатын.

«Марицбург Юнайтед» оңтүстік африкалық клубының футболшысы Луанда Нцхангасені найзағай соғып, қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Newtimes порталына сілтеме жасап.

21 жастағы футболшыны осыдан екі ай бұрын ойын барысында найзағай соққан болатын. Ол кеуде тұсының күйік шалуы жарақатымен ауруханаға жеткізілген . Осы уақытқа дейін ол медикаментозды комада жатты.

Клуб басшылығы Луанда Нцхангасені жерлеу рәсімін талқылау үшін оның туыстарымен кездеспекші.

Айта кету керек, 12 наурызда Руандада шіркеуге түскен найзағай салдарынан 15 адам қаза тапқан. Сол сияқты, өткен жылы Зимбабведе жаңбырдан ағаш астында бой тасалаған алты адамды найзағай соғып, олар да ажал құшқан.


Акции
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript