Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қазақстан УЕФА Суперкубогын өткізуге ниетті

Әзірге Чемпиондар лигасын өткізуге Португалияның астанасы Лиссабон мен Түркияның Ыстамбұл қалалары үмітті.

Фото : kaz.vesti.kz10 мая 2018, 11:15

Қазақстан 2020 жылғы УЕФА Суперкубогын өткізуге өтініш білдірген, деп хабарлайды vesti.kz.

24 мамыр күні Украинаның астанасы Киев қаласында өтетін Еуропа футбол қауымдастығының атқарушы комитетінің отырысында 2020 жылғы Чемпиондар және Еуропа лигасының финалы мен УЕФА Суперкубогының өтетін орнын анықтайды.

Әзірге Чемпиондар лигасын өткізуге Португалияның астанасы Лиссабон мен Түркияның Ыстамбұл қалалары үмітті. Ал әйелдер арасындағы еурододаның ақтық ойынын өткізуге Мәскеу, Вена және Льежбен қалалары өтініш берген. Деңгейі жағынан Чемпиондар Лигасынан кейінгі Еуропа Лигасының финалын өткізуге Порту мен Гданьска қалалары таласып көреді.

Ал сол жылы өтетін УЕФА Суперкубогын өткізуге 9 бірдей ел өтініш білдірген. Оның ішінде Қазақстан да бар. Біздің елден бөлек Суперкубок ойынын өткізуге Беларусь, Финляндия, Франция, Албания, Израиль, Молдавия, Солтүстік Ирландия және Португалия сияқты мемлекеттері ниетті.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии