Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ford F-150 жүк көлігін шығаруды тоқтатты

F-150 жүк көлігін аталған компания АҚШ-та 40 жылдан астам уақыт бойы шығаруда.

Фото : Baq.kz10 мая 2018, 11:50

Әлем халықтары үшін бестселлер саналып кеткен F-150 жүк көлігін Ford компаниясы уақытша шығаруды тоқтатты. Өйткені, компания объектісінде жүк көлігінің қосалқы бөлшектері өртеніп кеткен. Бұл туралы Baq.kz CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ford компаниясы F-150 жүк көлігін Мичиган штатындағы Дирборн зауытында шығарады. Осы және Миссури штатындағы Канзас-ситиға жақын жердегі зауытта жүк көлігін шығару уақытша тоқтатылды. Бұл әлемдегі ең мықты жүк көліктерін шығаратын екі зауыт болып табылады.

F-150 жүк көлігін аталған компания АҚШ-та 40 жылдан астам уақыт бойы шығаруда. Ford компаниясы үшін дәл осы көлік түрі пайда көзі болып табылады.

«Біздің мақсатымыз – жүк көліктерін шығаруды тез арада қалпына келтіру» деді компанияның баспасөз хатшысы Марк Труби.

Көлік шығарушы компания сондай-ақ Ford F-Series Super Duty пикапын шығаруды да уақытша тоқтатты. Ол Кентуккидағы зауыттың уақытша жабылғанын білдіреді.

«Бұл жағдайды қалпына келтіру үшін біз өз әріптестерімізбен жұмыс істеп жатырмыз, өз өндірісімізге зиян тигізбеу үшін бәрін жасаймыз» деді компания президенті Джо Хинрикс.

Компания АҚШ-та соңғы төрт айда 287 000 жүк көлігін сатқан, бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 4 пайызға жоғары. Екі зауытта 7600 жұмыс істейді.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии