Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Кілтсіз оталатын көліктің адам өміріне қаупі: нені білу керек

Кілтсіз, тек батырманы басу арқылы оталатын көліктер қазір сәнге айналды.

Фото : Baq.kz15 мая 2018, 11:08

New York Times басылымының ақпаратына сәйкес, жиырмаға жуық адам өз көліктерінде уланып, көз жұмған. Тағы ондаған адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кілтсіз, тек батырманы басу арқылы оталатын көліктер қазір сәнге айналды. Ал көліктің кілті тек есікті ашып-жабу қызметін ғана атқаратын брелок түрінде ғана болады. Ғалымдар енді оп-оңай қосылатын бұл батырманы көліктен шығарда басып өшіруді жүргізушілер ұмытып кетеді деп дабыл қағуда.

Әсіресе, бұл дыбыссыз гибридті автокөліктерге қатысты шыққан мәселе. Көлік тоқтаған кезде қозғалтқышы істен шығуы мүмкін, ал автокөлік батареялары қуатталған соң, ол автоматты түрде кейіннен іске қосылады. Сондықтан көптеген гибридті көліктердің дыбысы шықпай, жүргізушілер алданып қалып жатады.

Қазір сатылымда жүрген көптеген автокөліктерге keyless – кілтсіз басқару жүйесі орнатылуда. Бұл ыңғайлылық миллиондаған автокөліктер жүйесінде бар.

Осы ерекшелік бойынша, жүргізуші көлігін кілтсіз-ақ қолының бас бармағымен батырманы басып, ашып-жаба да алады.

Көлік өндірушілері бұл мәселені шешу үшін темір тұлпарларға енді дыбыстық ескерту сигналдарын енгізуді жөн санап отыр. Маман Джейк Фишердің айтуынша, бұл сигналдар өшірілмеген көлігін тастап бара жатқан жүргізушіге ескерту ретінде іске қосылады. Осы функцияны кез келген көлікке қосуға болады деді маман.

General Motors көлік шығарушы компаниясы осы функцияны көліктеріне енгізіп те үлгерді. Ал өзге компаниялар жүргізуші көліктен шыққаннан кейін автоматты түрде темір тұлпар өшетін функцияны ойлап табуға кіріскен.

Мақала авторлары, осы тақырыпты зерттеушілер әрбір көлік иесіне көміртегі газын анықтайтын детекторларды орнатуды ұсынды. «Бұл құралдар олардың гараждарына орнатылуы тиіс, сонда кісі өлімі азаяды деген сенім мол» дейді авторлар.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии