Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Сауль Альварес WBC рейтингінен шығарылды

"Таза бокс" – WBC мен Бүкіләлемдік антидопингтік агенттіктің бірлескен антидопингтік бағдарламасы.

Фото : Тoday.kz15 мая 2018, 17:08

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Бүкіләлемдік бокс кеңесінің рейтингінен "Таза бокс" антидопингті бағдарламасына кіруден бас тартқаны үшін шығарылды, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес екінші кездесу өткізер алдында өз еріктерімен допинг тестен өткен кезде Альварестің қанынан тыйым салынған зат табылған еді. Спортшы 2,5,9 наурызда қайтадан қосымша тест тапсырды, бұл жолы боксшының қаны таза шықты.

"Ол "Таза бокс" бағдарламасына қатысудан бас тартқаны үшін ережеге сәйкес рейтингтен шығарылды, – деп жазды Сулейман. – Осы бағдарламаның бір мүшесі болуға келісім берген бойда рингке оралады".

"Таза бокс" – WBC мен Бүкіләлемдік антидопингтік агенттіктің бірлескен антидопингтік бағдарламасы.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии