Лента новостей
0

Шығыс хат-хабарларын рәсімдеу және сот құжаттарын жөнелту тәртібі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.05.2018 15:01 Фото: zakon.kz

Шығыс хат-хабарларын рәсімдеу және сот құжаттарын жөнелту тәртібі

 

Шығыс хат-хабарларын рәсімдеу тәртібі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығында бекітілген. Аталған тарауда,шығыс хат-хабарларын рәсімдеу тәртібі туралы үлгілік қағидалары белгіленген.

Ал, шығыс хат-хабарларын және сот құжаттарын жөнелту тәртібі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазанында қабылданған Азаматтық процесстік кодексінің 11-тарауында белгіленген.Бұл заң нормасы, іске қатысатын адамдарға, соттың хабарлаулары мен шақыруларын жөнелту туралы ережесін қамтиды.

Аталған заң нормаларының негізінде, шығыс хат-хабарлары және сот құжаттары, сот өндірісінде қаралып жатырған іске қатысты адамдарға өзінің істегі мәртебесі, жайлы және өзіне қатыстылығы бар сот өндірісіндегі істің мән-жайы, істің қаралатын орны мен уақыты туралы ақпаратпен хабардар болуды қамтамасыз етеді.

 Шығыс хат-хабарлары өз кезегінде, іске қатысатын адамдарға, сонымен қатар куәларға, сарапшыларға, мамандар мен аудармашыларға тапсырылғандығы жөнінде хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат арқылы, сонымен қатар, хабарлау мен шақырудың тіркелуі қамтамасыз етілетін басқа да байланыс құралдары арқылы хабарланып немесе шақырылуы мүмкін.

 Шығыс хат-хабарлары мен сот құжаттарын жөнелтуді рәсімдеу адресат яғни, алушының нысанына байланысты ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері, лауазымды немесе жеке тұлғалардың атына жолданады. Құжат ұйым немесе оның құрылымдық бөлімшесіне жолданған жағдайда оның атауы кіші әріппен, жартылай қалың қаріппен атау септігінде, құжат жолданған тұлға лауазымы барыс септігінде жазылады. Құжат жеке тұлғаға жөнелтілетін жағдайда, адресаттың бас әріптері мен тегі жазылып, содан кейін почталық мекен-жайы жазылады.

Шығыс хат-хабарлары мен сот құжаттарын жөнелтуді рәсімдеу кезінде оған арнайы тіркеу номері беріледі. Құжаттың жобасы дайындалу кезінде оған айы мен жылының белгілері басылып, осы құжатқа қол қоюшы немесе бекітуші лауазымды тұлғамен құжаттың дайындалу күні белгіленеді. Аталған тұлғалардың бекітуі немесе қол қоюы арқылы құжат жөнелтілуге дайын болады. Қол қою немесе бекітуі электронды нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

Жоғары тұрған органдар, өкілетті, атқарушы және сот билігі органдарына жолданатын құжаттарға ұйым басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша бірінші орынбасары қол қояды.

Сот шығыс хат-хабарлары шығыс кеңсесінен келесі жолдармен тараптарға жолданады:

1) ГЭП (гибридті электронды хат);

2) Сот кабинет;

3) ЭҚАБЖ;

4) АЖ «Төрелік»;

5) Қолма-қол табыстау.

ГЭП арқылы сот шешімі, бұйрық, ұйғарым және апелляциялық (жеке) шағымдар тағы басқалар жіберіледі. ГЭП арқылы 40 бетке дейн поштамен қабылданады, поштаға электронды нұсқасы түсіп ары қарай тараптарға жіберіледі.

Сот кабинетінде тараптар жүйесінің қатысушысы болса, сот актілері жіберіледі.

ЭҚАБЖ арқылы мемелекеттік мекемелеріне жіберіледі.

АЖ «Төрелік» арқылы сот арасындағы істер, хат-хабарламалар, сот жолдамалары және т.б. құжаттар жіберіледі.

Сот шығыс хат-хабарламалары қолма-қол табысталып, журналға тіркеледі.

Әр хат-хабарламалардың сәйкестік журнал нөмері бекітілген.

Құжатты жолдауға қабылдауды, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі (БҚҚ) құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады. БҚҚ-қызметі - құжаттың дұрыс рәсімделгенін, негізгі құжаттағы белгіленген қосымшалардың бар болуын тексеріп, олар дұрыс рәсімделмеген жағдайда, оны орындаушыларға қайтарады.

Құжаттарды жөнелту алушының ұялы байланыс номеріне, пошталық немесе электронды мекен-жайына жөнелтіледі. Пошталық мекен-жайына тапсырыс хат немесе жай хат нысанында жөнелтілуі мүмкін.

 Сот шығыс хат-хабарларының жоғарыда көрсетілген жіберу түрлері «Төрелік» ақпараттық жүйе арқылы басқарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы аудандық сотының

бас маманы-с/о хатшысы Кусаинова М.

 

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: