Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қазақстанның құрама командалары волейболдан қарсыластарын ойсырата ұтты

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан және Аустралия әйелдер құрама командалары кездесті.

Фото : Baq.kz21 мая 2018, 09:04

Алматыда Азия мен Океанияның ең мықты әйелдер және ерлер құрама командаларының арасында волейболдан Сын-тегеурін Кубогына іріктеу турнирі өтуде, деп хабарлайды Baq.kz.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан және Аустралия әйелдер құрама командалары кездесті. Алаң қожайындары ойынды сенімді бастап, керемет ойын үлгісін көрсетті. Олар үш кезеңді де жеңіспен аяқтап, қарсыластарына жауап қайтаруға мүмкіндік бермеді, есеп 3:0.

«Бұл осы маусымдағы алғашқы маңызды ойын. Матчтың басында қобалжу болғанымен, біз оларды жеңе алдық. Біз бұл командамен жыл сайын кездесеміз, әдістерін де жақсы білеміз. Әдетте, кездесулер біздің жеңіспен аяқталады. Бірақ олар осы жылы екі жаңа жас ойыншымен құрамаларын жаңартыпты. Дегенмен, бапкеріміздің тапсырмаларын орындап, қарсыластарымызды жеңдік. Менің ойымша, осы маусымды жақсы бастадық», - деп бөлісті Қазақстан құрамасының ойыншысы Сана Анарқұлова.

Сонымен қатар, алаңда Қазақстан және Пәкістан ерлер құрама командалары кездесті. Алғашқы кезең 18:25 есебімен қазақстандықтар үшін сәтсіз аяқталғанымен, қалған үш кезеңде алаң қожайындары жиналып, жеңіске жете алды. Осылайша, олар Пәкістанның волейболшыларын 3:1 есебімен ұтты.

«Біздің қарсыластарымыз кеше Қытайлық Тайпейді 3:0 есебімен ұтқан болатын, бүгін алаңда өздерін сенімді ұстады. Ал біз үшін осы жарыста бұл бірінші ойын болды. Содан болар, матчтың басында біз қобалжып, бірінші кезеңде жеңіліп қалдық. Бірақ кейіннен жиналып, жеңіске жете алдық. Бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізге алғыс білдіреміз», - деп атап өтті ерлер Қазақстан құрамасының волейболшысы Қайрат Байбеков.

Қорытындылай келе, екі кездесу де Қазақстанның жеңісімен аяқталды. алдағы уақытта еліміздің ерлер және әйелдер командалары қытайлық Тайпеймен кездесетін болады.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии