Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Елбасы 7 жасар баланың зорлануын неліктен ешкім дәлелдей алмағанын айтты

Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан.

Фото : www.inform.kz1 июня 2018, 14:41

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жасар баланың зорлануына қатысты оқиғаны қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызметке лайықты адамдардың келуі және лайықты түрде ілгерілетілуі үшін кез келген субъективизмді жою қажет. Мұнан басқаша болмауы тиіс. Жария түрде де айта аламын. Кеше Қауіпсіздік Кеңесінде де айтқан едім. Оңтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушылары баланы зорлаған. Соның төңірегінде қандай әуре-сарсаң басталды десеңші. Ешкім таба алмады, дәлелдей алмады. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені тізбектің барлық жерінде туған-туыстары отырған: полиция, жоғары орган, одан жоғары органда да туған-туыстар. Барлығы да бұл істі жабуға тырысып бақты", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында мектептің 1-сынып оқушысын өзінен 7-8 жас үлкен төрт бала бес ай бойы зорлап келген деп айып тағылған болатын.

Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан.

Содан бері жеткіншектің әжесі полицейлерге бірнеше рет арызданғанымен, тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдаған.

Осыдан кейін іске қоғам белсенділері араласып, іс ілгері жылжыған болатын.

Тақырыпқа қатысты барлық жаңалықтарды мына сілтемеден өтіп оқыңыз.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии