Лента новостей
0

Өз ісінің білгір маманы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.06.2018 10:25 Фото: zakon.kz

 Өз ісінің білгір маманы

 

2013 жылы 20 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Елбасымыз Н. Назарбаев өз сөзінде «... Қазақстанның сот жүйесі алдыңғы қатарда болуы қажет. Бұл туралы мен Стратегиямда нақты көрсеттім. Барлық құқық қорғау органдары ішінен ең жоғары тұрған Жоғарғы Сот болып табылады. Жоғарғы Соттың абыройы - Қазақстанның абыройы...» деген болатын. Сот жүйесінің алдыңғы қатарда болуы үшін судьялармен қатар, сот мамандарының да атқаратын маңызы зор. Елбасымыз әр сөзінде мемлекеттік қызметші білікті де, білгір және адал болса ғана мемлекетіміздің алға өркендейтіндігін айтады.

Катонқарағай аудандық сотына істердің кеңсеге келген сәтінен бастап есепке алынуын, тараптарды уақытында хабарлануын, істердің сақталуын және уақытында жылжуын, құжаттардың орындалуын бақылап, сот статистикасын жүргізіп және басқа да іс қағаздардың уақытында орындауына бақылау жасап отырған біздің әріптесіміз - Жансултанова Эльвира Құмарбекқызы.

Эльвира Құмарбекқызы 2002-2006 ж.ж. аралығында Өскемен қалалық сотында сот мәжілісінің хатшысы, 2006-2012 ж.ж. Шығыс Қазақстан облыстық сотында бас маман лауазымында қызмет атқарған, 2013-2014 ж.ж. аралығына Катонқарағай аудандық сотының аға жасауылы қызметін атқарған. 2014- жылдың шілде айнан бастап, қазіргі уақытқа дейін Катонқарағай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қызметін атқаруда. Осы жылдар аралығында өзін жұмыста тек оң жағыннан танытта білген.

Сот жүйесіне тұрақталып көп жылдар бойы жұмыс жасап келе жатқан Эльвира Құмарбекқызы қызметіне жауапкершілікпен қарайды. Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Азаматтармен қарым-қатынаста қарапайым, сыпайы және ұжымда сыйлы. Өзінің сабырлылық мінезімен әріптестерін баурап, жаңа келген мамандардың үйренуіне зор ықпал етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысады. Көмек сұрай келген әріптестеріне уақытының шектеулігіне қарамастан түсіндіріп, тиянақты қылып жауап беріп өз қол ұшын созып отырады. Эльвира Құмарбекқызы аса шыдамдылығына еріксіз бас шайқап, жақсы адамның жанында жүргенімізге іштей разы болып отырамыз.

 

ШҚО Катонқарағай аудандық сотының бас маманы Темиржанова Ш.К..

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: