Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Альварес Головкинге ультиматум қойды

"Канело" байсалды шешімге келіп, Геннадийдің айтқанына көніп отыр.

Фото : Sputniknews.kz13 июня 2018, 15:45

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық боксшы Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинге қойған соңғы талабын мәлімдеді. Ол Головкин екінші жекпе-жекті ұйымдастыруға келісім береді деген үмітте, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мексикалық тарап Геннадийге мәміленің соңғы шарттарын ұсынды: GGG табыстың 42,5%-ын, "Канело" 57,5%-ын алады. Қазақстандық боксшы 13 маусымға дейін келісімін бермесе, Альварестің командасы басқа қарсылас іздеуге кіріспек.

"Том Леффлер Геннадийді көндіруге тырысып жатыр, бұл жекпе-жектен ол басқаларына қарағанда 10 есе көп таба алады. Top Rank басшысы Боб Арумм да Головкин пайызын жоғалтпайтынын айтты. "Канело" байсалды шешімге келіп, Геннадийдің айтқанына көніп отыр. Қанша дегенмен сіз есекті суға әкелуіңіз мүмкін, бірақ оны су ішуге мәжбүрлей алмайсыз", — деді Гомес ESPN-ге берген сұхбатында.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии