Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Шуда пойыз апатынан зардап шеккен адамға ота жасалып жатыр

Отадан кейінгі жағдайы туралы қосымша хабарланатын болады.

Фото : promoipochki.ru18 июня 2018, 12:57

Жамбыл облысында пойыз апатынан зардап шеккен ер адамға ота жасалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

1970 жылғы ер адам Шу қалалық ауруханасының травмотология бөліміне жеткізілген.

"18 маусымдағы жағдай бойынша ер адамға ота жасалып жатыр. Жағдайы тұрақты. Отадан кейінгі жағдайы туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ, медициналық көмек алғаннан кейін зардап шеккен 13 адам үйіне жіберілді. 2018 жылдың 17 маусымында сағат 20:00-ден кейін тағы төрт адам Шу қалалық ауруханасына жүгінді, біреуі екінші рет келді. Барлығына медициналық көмек көрсетілді, үйлеріне жіберілді.

2018 жылдың 17 маусымында 13 сағат 25 минутта №9 жолаушылар пойызының 8 жолаушы вагоны рельстен шығып кетті, «Астана-Алматы» бағыты бойынша (оның ішінде 2 вагон аударылып қалды). Куәгерлер түсірген бейнелерді мына жерден көруге болады.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии