Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Астанада тамақ қалдықтарын тыңайтқышқа айналдырмақ

Астанада қалдықтарды бөлек жинайтын жүйені енгізудің пилоттық жобасы іске асырылып жатыр.

Фото : bnews.kz20 июня 2018, 17:35

Әкімдікте қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру туралы мемлекеттік органның өкілдері мен "Оператор РОП", Қазақстан экология ұйымы қауымдастығының" қатысқан жұмыс тобының отырысы болып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиынға "Syctom" қалдықтарды басқару бойынша француз агенттігінің өкілдері де қатысты. "Syctom" компаниясы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы және қалдықты өңдеу бойынша ең үздік инновациялық технологияны ұсынды.

Отырыста "Syctom" агенттігінің өкілдері Астана қаласына арналған "Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша шебер-жоспар жобасын дамыту саласындағы өзара әрекеттестік" жобасын таныстырды. "Оператор РОП" ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) фракциясы бойынша органикалық өңдеу барысында технологияның оңтайлы жолдарын іздеудегі атқарылған жұмыстарын таныстырып шықты.

Елорданың климаттық жағдайын есепке ала отырып, халықаралық тәжірибемен ҚТҚ құрамын зерттеді, жұмыс тобының мүшелері техникалық компост өндірісі арқылы ҚТҚ бойынша органикалық (тамақ) қордаландыру жолымен қалдықтарды өңдеу әдісін таңдады. Басқаша айтқанда, "сулы" қалдықтар – яғни иістеніп кеткен тамақ қалдықтарын арнайы технологияның көмегімен органикалық тыңайтқышқа (компост) айналдырады. Нәтижесінде компост жерді тыңайтуға, карьерді рекультивация жасауға пайдаланылады.

Естеріңізге сала кетейік, астанада қалдықтарды бөлек жинайтын жүйені енгізудің пилоттық жобасы іске асырылып жатыр. Қатты тұрмыстық қалдықтар бөлек жиналып, олар екі фракцияға бөлінеді, "құрғаққа" (пластик, қағаз, шыны, металл) және "сулы" дегеніне органикалық заттар. "Құрғақ" қалдықтарды жинау үшін осы жылы 6276 сары евроконтейнер орнатылды. Бұларға 25 жаңа "Iveco" маркалы қалдық тасымалдайтын көлік қызмет көрсетеді.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии