Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

70 елді аралаған австриялық саяхатшы Алматыға келді

Марко Иштван осы мотокөлігімен әлемді аралап жүргеніне 9 жыл болыпты.

Фото : almaty.tv22 июня 2018, 11:43

Алматыға әлемнің 70 елін аралаған саяхатшы келді. Австриялық Марко Иштван Сингапур, АҚШ, Франциядан кейін Қазақстанға арнайы ат басын бұрған. Айтуынша ол біздің елге 2012-ші жылдан бері келуді армандапты. Мүгедек жанға саяхаттау қаншалықты қиынға соғады? Бұл туралы zakon.kz Алматы телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Марко Иштван осы мотокөлігімен әлемді аралап жүргеніне 9 жыл болыпты. Айтуынша, сенімді серігі жолда қалдырмайды. Осы уақыт аралығында 70 елге саяхаттаған. Әр мемлекетте түрлі оқиғалар орын алған. Бір жерлерде жыландардың ордасына тап болса, енді бірде өлім жазасынан аман қалдым,- дейді.

«Көп жерлерде мылқау болғандықтан көшелерді сұрағанда қиналам. Оның үстіне құлағым да естімейді. Бірақ менің мүгедектігім саяхаттауыма кедергі келтірмейді. Жақында мені әскерилер ұстап алды. Менің мотокөлігімнің дауысы автомат атқылап жатқандай дыбыс беріпті. Біраз күн құлдықта болдым. Кейін әрең дегенде саяхатшы екенімді түсіндірдім»,-деді саяхатшы Марко Иштван

Тағы бір қызықты оқиға Қазақстанда болыпты. Атырау тас жолында жол апатына ұшырап қалған Маркоға егде жастағы қария тоқтап көмектескен.

«Мен осы уақытқа дейін Қазақстанды ен дала деп ойлайтынмын. Мұндағы адамдар өте қонақжай. Кездестірген жандар үйлеріне кіргізіп, тамақтандырады. Көбісі мені суретке түсіріп алып жатты. Маған Қазақстан ұнады»,-деді саяхатшы Марко Иштван .

Марко Иштван Қазақстанда жүргеніне 2 ай болыпты. Ешқандай мемлекетте бұлай ұзақ жүрмедім,-дейді. Айтуынша, осында ол жақсы жандарды жолықтырыпты. Енді екі жылдан кейін міндетті түрде қайтадан саяхаттап келмекші.

«Марконың Қазақстанда Мадина есімді танысы бар. Олар Италияда танысқан. Содан бері әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп тұрады. Қазақстанға Марконы Мадина шақырған. Бұл саяхатшының қызықты оқиғасы көп. Ол адамдармен сөйлесікенді ұнатады»,-деді қазақ саңыраулар қауымдастығының төрайымы Нина Жуковская.

Марко 2 жыл бойы өз қаражатына саяхаттаған. Қазір Австриялық демеушілер арнайы Марконың саяхатына ақша бөледі. Күні ертең Марко Қырғыз еліне аттанбақшы.

Өмір Әнуарбек, Нұрбол Әбдікерімов


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии