Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Димаш Құдайберген: Денис — бар өмірін мемлекет имиджін жақсартуға арнаған жан

Танымал әнші марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Фото : Kyn.kz20 июля 2018, 11:16

Танымал әнші Димаш Құдайберген Денис Теннің жақындарына көңіл айтып, спортшымен болған соңғы әңгімесін ұмытпайтынын жеткізді. Достар соңғы рет Денис Теннің шоуына арналған музыканы жазу барысында кездескен еді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.

Шілденің 19-ы күні танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болды. Оған түс мезігілінде ұрылар шабуыл жасап, пышақпен жарақаттаған еді. Осыдан кейін спортшы ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін барлығын жасағандарын айтып жатыр. Ал қазақстандық танымал тұлғалар әлеуметтік желі арқылы Денис Тен туралы естеліктерін бөлісуде.

«Ешуақытта мұндай пост жазамын деп ойламаппын… Сене алмай отырмын. Денис, менің ағам, досым, біз сені үнемі сағынатын боламыз… Достығың үшін рахмет, Джеки! Сен ұлы адамсың!!! Сен есімізде аңыз болып қалдың! Ерте бақилық болғаның өкінішті… Мен әрдайым сені сағынып, құрметтеп өтетін боламын! Сен бар өміріңді біздің мемлекеттің имиджі үшін арнаған адамсың! Саған барлығы үшін рахмет! Бұған сенгім келмейді… Сене алмаймын да… Соңғы әңгімемізді ешуақытта ұмытпайтын боламын. Жаның жәнатта болсын! Барлық жақындары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Ал әлгі оңбағандардың шаруасы осымен бітеді», — дейді Димаш Құдайберген.

Барлық жаңалықты мына сілтемеден оқи аласыздар.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии