Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Семейде көне фарфор таңбалары мен тиындар табылды

Қазба барысында табылған 500-ге жуық заттың ішінде көне фарфор таңбалары мен тиындар бар.

Фото : Хабар 2423 июля 2018, 17:54

Семей өлкетанушылары соңғы экспедиция барысында тапқан олжаларын халықтың назарына ұсынды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазба барысында табылған 500-ге жуық заттың ішінде көне фарфор таңбалары мен тиындар бар. Бұл тиындар Цин әулетіне тиесілі. Өлкетанушылардың айтуынша, қазба жұмыс орындарында табылған бағалы фарфор таңбаларының жасы шамамен 300 жыл. Мамандар олардың көмегімен бұрын зерттелмеген қоныстарды анықтап жатыр.

- Фарфор таңбалары мен тиындар біздің қала аумағынан 100 шақырым қашықтық шамасында табылды. Өз өңірімізді жан-жақты зерттетейтін боламыз. Нәтижесінде әрбір заттың қай жақтан табылғанын айта аламыз. Сонымен қатар біздің әрбір экспедициямыз, не тапқанымыздың барлығы тіркеліп отырады. Яғни барған жеріміз, фотосуреттер, табылған заттардың барлығы мемлекеттік мұрағатта тізбектеледі, - дейді «Прииртышье» өлкетану қоғамының басшысы Марат Сасанов.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии