Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматы облысында өз ұлын өлтірді деген күдікпен зейнеткер ұсталды

11 қыркүйек күні жеке үйлердің бірінің жанында арқасында пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылған.

Фото : f.azh.kz12 сентября 2018, 16:45

Полицейлер Еңбекшіқазақ ауданының 42 жастағы тұрғынының өліміне қатысты қылмысты ашты. Күдікті ұсталды және қамаққа алынды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл дерек Еңбекшіқазақ ауданының Байдібек ауылында тіркелген. 11 қыркүйек күні жеке үйлердің бірінің жанында арқасында пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылған.

«Зардап шегуші өз үйінің жанында қайтыс болған және оны ауылдасы тауып алған. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қайтыс болған азаматтың 63 жастағы әкесі ұсталды. Анықталғанындай, алкогольдік өнім қабылдау барысында әкесі мен баласы арасында жанжал туындап, нәтижесі ауыр қылмысқа әкеп соғады. Оқиға орнынан пышақ табылып, ол тәркіленді. Айғақзат ретінде тергеу материалдарына тіркелді», - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» 99- бабына сәйкес жүргізілуде. Күдікті Еңбекшіқазақ ауданының АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии