Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

«Реалдың» дәрігері Роналдудың сырын ашты

2018 жылдың шілдесінде Роналду «Ювентусте» медициналық тексеруден өткен.

Фото : Хабар 2413 сентября 2018, 16:34

Криштиану Роналдумен жұмыс істеген мадридтік «Реалдың» дәрігері Хуан Карлос Эрнандес пен «Манчестер Юнайтед» клубының медициналық қызметкері Мик Клегг португалиялық футболшының жетістікке жету сырының неде екенін айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

«Роналдудың жетістікке жетуінің үш негізі: дұрыс жаттығу, дұрыс тамақтану және дұрыс демалу», – дейді Эрнандес.

Ал Клеггтің сөзінше, шабуылшы мен өзге футболшылар арасындағы басты айырмашылық – мамандығын сүю. «Роналду ісіне берілген, бар сыры осы. Ол ешқашан тоқтамайды», – деп атап өтті ол.

2018 жылдың шілдесінде Роналду «Ювентусте» медициналық тексеруден өткен. Оның қорытындысы бойынша футболшының денсаулығы 20 жастағы жігіттікімен тең болған. Спортшының ағзасында майдың үлесі жеті пайыз ғана, әдетте бұл көрсеткіш 10-11 пайызды құрайды.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии