Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Головкин – Канело жекпе-жегі: Дэниел Джейкобс кім жеңетінін біледі

Дэниел Джейкобстің пікірінше, егер Головкин Альвареспен алғашқы кездесуден қорытынды шығаратын болса, оған жеңісті береді.

Фото : Sputniknews.kz14 сентября 2018, 11:07

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Дэниел Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекке өз болжамын айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Дэниел бұған дейін Головкинмен жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын, деп жазды Sports.kz. Ол Геннадий мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жекті көргенін айтады.

"Біз алғашқы жекпе-жекті қайталап көреміз деп ойлаймын. Меніңше, Головкин жеңеді. Егер дұрыс жұдырықтасып, Альвареспен алғашқы кездесуден қорытынды шығаратын болса, оған жеңісті береді. Ал шын мәнісінде "Канелоның" жеңіске жеткенін қалаймын, ал мен Деревянченконы ұтып, онымен кездессем деймін. Содан кейін Головкинге реванш берер едім. Мен үшін бұл тиімді сценарий, өйткені GGG-ді ұттым деп есептеймін. Егер екеуін де жеңсем, дивизионның көшбасшысы атанар едім. Мені рингке жіберіңіздерші, ең үздік екенімді дәлелдеп берейін" — деді Джейкобс.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии