Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Нығматулин қазақша білмейтін вице-министрді әбден ұялтты

Мәжілісте 2018-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралып жатыр.

Фото : sputniknews.kz17 октября 2018, 12:16

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктерге қазақ тілін үйренетін уақыт жеткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "2018-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралып жатыр. Сұрақ-жауап барысында депутат Кәрібай Мұсырман білім және ғылым вице-министрлігіне қазақ тілінде шығыстарға қатысты сауал жолдады.

"Құрметті Бибігүл Амангелдіқызы, бюджетті көктемгі нақтылау кезінде мемлекет басшысының жолдауында қойылған міндеттер мен президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін білім және ғылым министрлігі бойынша шығыстардың жалпы сомасы 117 миллиард 800 миллион теңгеге ұлғайтылған болатын. Алайда қазір жыл соңында аталған сома 23 миллиард теңгеге азайтылып отыр. Бұл бөлінген қосымша қаражаттың шамамен 20 процентіне тең. Осыған орай, айтыңызшы, министрліктің қосымша бөлінген бюджет қаражатының осынша қомақты сомасын игермеу себебі қандай? Мұның өзі мемлекет басшысының берген тапсырмаларын толық әрі уақытылы орындауға теріс әсерін тигізбей ме?", — деді ол.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова қазақ тілінде қойылған сұраққа орысша жауап берді.

"Бюджетті нақтылау аясында шығыстардың 23 миллиард теңгеге қысқартылуы президенттің тапсырмаларын орындауға кері әсерін тигізбейтініне сендіргім келеді. Бүгінгі таңда ұлттық біліктілік тестінен өткен 34 мың педагог және жаңартылған мазмұн бойынша сабақ беретін 204 мың мұғалім үстемақыларын толық көлемде алып отыр. Бөлінген 20 мың грант та қаржылық жағынан қамтамасыз етілген. Қосымша ақы бойынша шығыстардың азаюы объективті себептерге байланысты. 2018-2019 жылғы оқу жылының басында тарификациялық тізімдер нақтыланып, жергілікті атқарушы органдар қосымша ақы бойынша өтінімдерін түзетті", — деді Асылова.

Вице-министрдің қазақ тіліндегі сұраққа орысша жауап бергені Нұрлан Нығматулинге ұнамады. Мәжіліс төрағасы қазақ тілін үйренетін кез жеткенін айтып, вице-министрді ұялтты.

"Бибігүл Амангелдіқызы, сіздер мұғалімдер мен оқушыларды үш айдың ішінде ағылшын тіліне үйретіп жатырмыз деп анықтама беріп жүрсіздер. Бірақ, меніңше, мемлекеттік тілді үйренетін уақыт та келді. Ойланыңыздар", — деді спикер.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии