Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қос ауылға таза су жетті

Кеңтүбек пен Жаңақоныс тұрғындарын қуантқан оңды іс "Аймақтарды дамыту - 2020" бағдарламасы бойынша жүзеге асты.

Фото : Фото "Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести" газетінен17 октября 2018, 18:28

Бөрлі ауданының қос ауылы таза судың игілігіне ие болды. Осы кезге дейін тұрғындар ауызсуды ауласынан құдық қазып немесе Ақсай қаласынан тасып ішкен болатын. Енді әр үйге желі тартылды. Кеңтүбек пен Жаңақоныс тұрғындарын қуантқан оңды іс "Аймақтарды дамыту - 2020" бағдарламасы бойынша жүзеге асты. Тұрғындардың қуанышына облыс әкімі Алтай Көлгінов пен облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар қатысып, тұрғындарды құттықтады.

- Облысымыздың әр елді мекенінде жақсы жаңалық болып жатыр. Бүгін мемлекет сіздің ауылдарыңызды жаңғыртып, бәрін қайта жаңалатып таза ауыз суды әр үйге алып келді. Осындай жұмыс барлық аудандарда жасалып жатыр. Бұл Елбасы Жолдауынан туындаған бағыт, бағдарламаның бірі. Біз осы екі жылдың ішінде он екі аудандағы 110 елді мекенге орталықтандырылған көше-көше, үй-үйге жеткізілетін 2000 шақырым су құбырын тарттық. Соның ішінде ең шалғайдағы аудандар Бекей Орда ауданының орталығы Сайхынға су жеткіздік. Жәнібекке, Жалпақталға су жетті. Өткен жұмада Жаңақалаға бардық. Жаңақаланың 80 пайыз тұрғындары тұратын 8 елді мекен тұрғындары сапасыз суды ішіп отырды. Қазір оларға таза су берілді. Президентіміз өз Жолдауында адам өмірінің сапасын күшейтуді міндеттеді. Ол дегеніміз балабақша болуы керек. Ал біздің облыс балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен 100 пайыз қамтылып отыр. Елбасы ауыз суды айтты. Өңірде таза сумен қамтылған елді мекендер 30 пайыз болды. Ал, екі жылдың ішінде бұл көрсеткіш 45 пайызға жетті. Келер жылы тағы 50 елді мекенге ауыз су тартамыз. – деді, Алтай Сейдірұлы.

Ақсай қаласынан жиырма бес шақырым қашықтықта жатқан Кеңтүбек ауылы жыл санап көркейіп келеді. Өткен жылы елу орындық балабақша мен медициналық пункт салынса, жақын күндері жас мамандарға арналған жатақхана ашылады. Ауыл ауыл болғалы тұрғындар ауыз суды аудан орталығынан тасып ішетін. Өйткені мал өсіріп, егін егуге ыңғайлы топырағы құнарлы, шөбі шүйгін құтты мекеннен халықтың кеткісі жоқ. Қайта көшіп келушілер қатары артқан.

Үш жүзге тарта ауласы бар ауылға 13 жыл бұрын "Ақбұлақ" бағдарламасымен ауыз су кірген. Алайда ескі желіде заман талабына сай емес, әрі өрт гидранттары жоқ. Су құбырын қайта құру кезінде осы кемшіліктер ескерілді.

Кеңтүбектік Жақсығали Лұқбанов жарқын іске барша ауыл болып қуанып жатқандарын айтады.

"Су мәселесі Кеңес үкіметі кезінен шешілмей келе жатқан мәселе. Ол уақытта су тасушы машиналар әр үйдің құдығына суды құйып кететін. Тоқырау жылдарында халық суды Ақсайдан тасып ішті. Біраз жыл бұрын ауылға "Ақбұлақ" бағдарламасымен су келді. Он үш шақырым қашықтықтағы Жаңақоныс елді мекенінен су өткізіліп, халық ауыз суға қарық болды. Сол жылдары газ өтті. Ауылдың инфрақұрылысы сақталып қалды" дейді тұрғын.

Өзекті мәселенің шешілуі мемлекеттің қолдауымен іске асты. Құрылысты қолға алған мердігер жөндеу жұмыстарын мінсіз атқардық деп отыр.

Ауылда бұрыннан су бар. Дамып келе жатқан ауылға қосымша ауыз су жүргізу бағытында биыл бюджеттен 108 млн.теңге қаражат бөлінді. Әр түрлі диаметр болатын сегіз шақырым тұрба тартылды. Басты трассаға 110 дм болатын құбыр салынды. Оған қоса екі 200 кубтық резервуар, 50 кубтық башня орнатылды. 25 үйге су кіргізілді. Оған қоса, бұрын түрлі себептермен үйлеріне су кірмей қалған елу үйге тегін су тартылды. Ауыл ішінде өрт гидранттерының 36 данасы қойылды. Жаңақоныс ауылында да 50 үйге су тартылып, 50 текше метр болатын қос резервуар қойылды. – деді, "Аяла" ЖШС бас директоры Алтынбек Мергенов.

Құрылыста пайдаланылған құбырлар, есептеу құралдары және өзге де қосалқы бөлшектердің барлығы су жаңа, әрі отандық өнім. Аталған жұмысқа республикалық және облыстық бюджеттен 108 млн. қаражат бөлінген.

Газет тілшісі Айым Нұрғалиева


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии