Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қапшағай тас жолында көліктер жаппай қақтығысуда

Аталған жолды түннен бастап тұман мен көктайғақ басқан.

Фото : Zakon.kz10 января 2019, 11:46

10-қаңтар күні таңнан бері Қапшағай тас жолында ақылға қонымсыз жайт орын алып, көліктер бірінен соң бірі қақтығысып жатыр. Және таңғы сағат 10-нан бері автокөліктер үздіксіз жол апатына тап болуда, деп хабарлайды оқиға орнынан Zakon.kz. тілшісі.

Көліктердің қақтығысы нақты қайсысынан басталғанын анықтау мүмкін емес. Жол апатының салдары тас жолдың шамамен 19-шақырымынан Қапшағайға қарайғы бағыттан бастау алады. Кейбір деректерге қарағанда, жаяу адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Қақтығыстан қашпақ болған жүргізушілер бірден тежегішке басып, соңы алапат ЖКО әкеп соқтырды.

Кейінірек Алматыға қарай бағыт алған автокөліктер де соқтығыса бастады.

Көліктер әр түрлі деңгейде зардап шеккен – бірінікі аса қатты болмасада, кейбірі айтарлықтай зақымданған. Шамамен 20 шақты автокөлік апатқа тап болды. Жапа шеккен адамдар да бар. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі келді.

Жүргізушілер тұман мен көктайғаққа қарамастан қауіпсіздік шараларын сақтамай, айтарлықтай жоғары жылдамдықта қозғалуда. Нәтижесінде кейбіреулері дер кезінде тоқтай алмай, апаттық жағдайда тұрған көліктерге соғылып жатыр.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии