Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Выступление Председателя Сената Парламента Республики Казахстан К. Токаева в Алматинском областном маслихате (Талдыкорган, 25 декабря 2007 года)

Фото : 25 декабря 2007, 12:42
Выступление Председателя Сената Парламента Республики Казахстан К. Токаева в Алматинском областном маслихате (Талдыкорган, 25 декабря 2007 года)


Еліміздің табысты дамуына өз үлесін қосып отырған Алматы облысы мәслихатының депутаттары, осы аймақтың басшысы және жұртшылық өкілдерімен бүгінгі жылы шырайлы кездесуіме шынайы ризашылығымды білдіремін.

Менің бұл іссапарым жоспарлы түрде болып отыр. Жақында Сенатта Мәслихаттармен өзара ықпалдастық жөніндегі Қоғамдық Кеңес құрылды. Кеңестің құрамына Сенат депутаттары, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары кірді. Қоғамдық Кеңестің хатшысы сенатор Талғатбек Жәмшитұлы Абайділдин бүгін менімен бірге осында келді. Бұдан басқа, біздің делегациямыздың құрамында Экономика және өңірлік даму комитетінің төрайымы Нұрлығайым Шалданқызы Жолдасбаева, «Өңір» депутаттық тобының басшысы Анатолий Афанасьевич Башмаков, Алматы облысының атынан өкілдік алған сенаторлар - Нүсіпжан Нұрманбетұлы Нұрманбетов және Жомартқали Баясылұлы Жексембинов бар.

Алматы облысы - стратегиялық маңызы бар бірегей өңір, оның үстіне бұл өлке - ақындарымыз жырлаған еліміз табиғатының інжу-маржаны, көптеген ұлт өкілдері татулықта, қажырлы еңбек етіп жатқан тарихы бай облыс.

Облыс орталығы Талдықорғанның бүгінгі жаңа да көрікті келбетін көру біз үшін - зор қуаныш. Мұнда қазіргі заманғы тұрғын үйлер, сондай-ақ мәдени нысандар құрылысы қарқынды жүруде.

Таяуда ғана Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 16 жылын атап өтті. Бұл белес өткен жолымызды тағы бір сараптауға мүмкіндік береді. Осы уақытта - мемлекетіміздің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнелі сөзімен айтқанда, жүз жылға тең келетін ауқымды істер атқарылды.

Биылғы 2007 жыл да табысты болып, Қазақстанның болашақтағы ұзақ мерзімдік дамуын айқындап берді. Бұл жыл мемлекетіміздің орнықты екеніне сынақ жылындай болды. Жаһандық экономиканың ажырамас бөлігіне айналған еліміздің экономикалық және қаржылық зор мүмкіндігін көрсетіп берді.

2007 жыл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін одан әрі нығайту нышанымен өтті. Мұның нақты мысалы - Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына мүше мемлекеттер аталған ұйымға 2010 жылы төраға болуды біздің елімізге беру туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Мемлекетіміздің стратегиялық басымдықтары қатарында орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету алға қойылып отыр. Бұл міндет тұрақты түрде қала бермек. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл жөнінде үнемі айтып келеді.

За прошедшее десятилетие ВВП страны увеличился с 22 до 105 млрд. долларов, другими словами, почти в пять раз. ВВП на душу населения в текущем году превысил 7 тысяч долларов, сравнявшись с показателями ряда государств Центральной и Восточной Европы.

Увеличивается и объем прямых иностранных инвестиций в нашу экономику, он достиг 70 миллиардов долларов, это 80 процентов объема инвестиций, привлеченных во всю Центральную Азию.

Международные активы страны с учетом средств Национального фонда превышают 40 миллиардов долларов. Внешнеторговый оборот вырос за десятилетие более чем в 6 раз, в этом году он может достичь 80 миллиардов долларов.

Хорошие макроэкономические показатели должны благоприятно влиять на социальное самочувствие наших граждан. Отрадно, что стабильно растут доходы населения. Данный вопрос находится в фокусе внимания и Правительства, и Парламента. За 10 лет среднемесячная заработная плата работников бюджетной сферы увеличилась в 6 раз.

Увеличиваются расходы государства на отрасли, определяющие потенциал человеческих ресурсов - образование, науку, культуру, здравоохранение и социальную защиту населения. Финансирование этих отраслей увеличилось в 9 раз.

Как вам известно, недавно Сенат принял поправки в законодательство по вопросам социального обеспечения и труда. Почти полмиллиона пенсионеров будут получать повышенную пенсию. Увеличились размеры минимальных, средних и максимальных пенсий. Растут и государственные социальные пособия, детские пособия. Вводится обязательное социальное страхование беременности, родов и материнства. С 2008 года предусматривается выплата лечебных пособий для 1 млн. гражданских служащих при выходе в трудовые отпуска.

Говоря о здравоохранении, хотел бы выделить один факт: за 10 лет расходы в этой сфере увеличились в 13 раз. В течение 5 лет в стране будет построен 151 объект здравоохранения и 300 типовых врачебных амбулаторий в сельской местности, в том числе и в Алматинской области.

Под непосредственным контролем Главы государства находится программа «100 больниц и 100 школ». Правительству поручено выполнить эту задачу в определенные сроки и на высоком качественном уровне.

В целом, в соответствии с принятыми Парламентом законодательными актами, расходы на социальное обеспечение и социальную помощь в 2008 году составят 545 млрд. тенге. Это самый высокий показатель за годы независимости. Другими словами, это одна пятая часть общих затрат республиканского бюджета.

Осынау өскелең цифрлардың астарында Президентіміздің жіті (айрықша) назары мен қажырлы еңбегі тұр.

Өткен Парламенттік сайлауда Елбасы «Нұр-Отан» партиясын бастап, оны айқын және даусыз жеңіске жеткізді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, облыс халқына Парламент сайлауы кезінде біздің партияны табанды қолдағаны үшін алғыс айтуды орынды санаймын.

Құрметті әріптестер, «Нұр-Отан» партиясының көптеген мүшелері қызмет істейтін Сенат әлеуметтік проблемаларды шешуге бұдан былай да баса назар аударады деп Сіздерді сендіргім келеді. Бұл - біздің ұстанған басты бағытымыз.

Сегодня в мире происходят сложные процессы: идет борьба за рынки, усиливается конкуренция, охватывающая рынки товаров, капиталов, рабочей силы, услуг и идей. В этих условиях резко возрастает значение конкурентоспособности Казахстана. Нам нужно строить новую экономику, основанную на новых разработках и инновациях. Умную экономику должны создавать умные люди, хорошо понимающие закономерности глобальных тенденций. Именно поэтому Глава государства постоянно указывает на важность совершенствования системы образования. Ежегодно за рубеж направляются тысячи способных молодых людей, получающих хорошее образование. На днях Президент заявил о планах строительства Международного университета в Астане. Для работы в этом учебном заведении будет приглашена лучшая отечественная и зарубежная профессура.

Один из главных вопросов повестки дня - диверсификация казахстанской экономики, отход от сырьевой направленности. Прогресс в этом направлении будет в значительной степени определяться успешной реализацией индустриально-инновационной стратегии. Но уже сейчас поступления от обрабатывающей отрасли позволили целиком сформировать бюджет страны без участия поступлений от сырьевых ресурсов.

Все большую роль в экономическом росте страны играет малый и средний бизнес, их доля в объеме ВВП сегодня достигла 30 процентов. Но Президент ставит задачу довести этот показатель как минимум до 60 процентов. Это вопрос стратегической важности. Чем больше в нашей стране появится мелких и средних предпринимателей, тем устойчивей станет экономика и стабильней будет внутриполитическая ситуация. Это уже аксиома. В Италии, например, имеется более 3 млн. предприятий среднего бизнеса, что позволяет ей успешно развиваться в условиях жесткой конкуренции и политических катаклизмов.

Мы достигли высоких показателей в сельском хозяйстве. Казахстан может войти в пятерку лидеров по экспорту зерна на международные рынки, которые уже сейчас охватывают 44 страны.

Таким образом, можно с уверенностью констатировать, что Казахстан готов к новому качественному росту. Но сам по себе он не наступит. Для этого нам необходимо много и упорно трудиться. Здесь нет места праздности и самодовольству. Признание лидерства нашего государства в регионе не должно затмить главную задачу: обеспечение устойчивого экономического роста на совершенно новой основе, в условиях глобальной конкуренции.

Выступая в Парламенте в феврале текущего года с Посланием «Новый Казахстан в новом мире», Президент Нурсултан Назарбаев по существу дал старт новым преобразованиям. В данном программном документе представлена стратегия развития Казахстана на грядущее десятилетие. Глава государства подтвердил стремление нашей страны войти в число 50 наиболее конкурентоспособных государств.

В условиях глобализации все большую актуальность приобретает реализация такого долгосрочного приоритета, связанного с всесторонним развитием инфраструктуры Казахстана, как транспорт и связь.

Для нашей огромной, девятой в мире, территории транспорт, особенно транзитный транспорт, имеет большое значение. Развитие отечественной экономики будет зависеть от того, какими транспортными системами Казахстан будет обладать. Поэтому Правительством принята Транспортная стратегия Республики Казахстан до 2015 года. Планируется реализовать порядка 80 инвестиционных проектов за счет различных источников финансирования на сумму около 3 миллиардов долларов.

Будет построено порядка 1600 км новых и электрифицировано 2700 км железных дорог. Уже сейчас построено и реконструировано около 50 тысяч километров автодорог. Планируется обеспечить развитие национального морского торгового флота, инфраструктуры морских портов и внутренних судоходных путей. Это даст импульс для развития трансконтинентальных маршрутов, проходящих по территории Казахстана.

В нашей стране проводится комплексная работа по развитию телекоммуникационной отрасли. В ближайшее время планируется телефонизация всех сельских населенных пунктов.

Будет увеличиваться количество пользователей Интернета, к 2010 году этот показатель достигнет 3,5 миллиона. Уже сейчас 95 процентов школ страны имеют доступ к услугам Всемирной сети.

Мемлекет Басшысы экономикалық өсу мен бәсекеге қабілетті өңірлік орталықтарды қалыптастыруға баса назар аударуда.

Алматы облысы серпінді дамып келе жатқан өңірлер қатарына кіреді. Мұнда өнеркәсіп өндірісінің қарқыны жоғары. Өнімнің 80 проценттен астамы солардың үлесінде.

Агроөнімді өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті, құрылыс материалдарын, ағаш бұйымдарын өндіру, машина жасау мен электр энергетикасы өндірісі ойдағыдай дамуда.

Облыс халқы өздері өндіретін тамақ өнімдерімен толық қамтамасыз етілген. Малдың, құстың барлық түрлерін өсіріп, мал өнімдерін өндіру бойынша облыс елімізде жоғары көрсеткішке ие болды. Алматы облысы - жеміс-жидектерді ірі өндіруші және жеткізуші екені бұрыннан мәлім.

Шарын өзеніндегі Мойнақ ГЭС-ін, Іле өзеніндегі және Балқаш жағалауындағы электр станцияларын іске қосу тәрізді келешегі бар жобаларды іске асыру облыс экономикасын дотациясыз негізде одан әрі көтеру үшін жақсы негіз жасауға тиіс.

Жетісу арқылы Қытайдан Еуропаға Жібек жолы өтті. Қазір облыс аумағы арқылы еліміздің аса маңызды экономикалық әріптестерінің бірі - Қытаймен сауда байланысын қамтамасыз ететін көліктік күретамыр өтеді. Мұның өзі жаһандану мен әлемдік қоғамдастыққа интеграциялану дәуірінде барынша маңызды. «Қорғас» еркін экономикалық аймағы мен шекаралық өткелдің құрылуы, сондай-ақ «Достық» кентінің дамуы қазақстан-қытай сауда қатынастарын одан әрі дамытуға игі ықпалын тигізбек.

В области создан благоприятный инвестиционный климат. Здесь успешно реализуются инвестиционные проекты по производству пищевой продукции, бытовой химии, строительных материалов, медицинских препаратов и строительству объектов электроэнергетики.

За последние годы в Алматинской области с участием институтов развития реализовано 5 инвестиционных проектов индустриально-инновационной направленности в сфере производства целлюлозно-бумажной продукции, крахмала и патоки, косметики и бытовой химии, строительных материалов. За счет собственных средств и при поддержке институтов развития предполагается внедрение еще восьми инвестиционных проектов.

Алматинская область вошла в пятерку регионов, в которых отмечен самый высокий уровень освоения средств республиканского бюджета при реализации республиканских инвестиционных проектов.

В настоящее время в регионе за счет средств республиканского и местных бюджетов реализуются 44 инвестиционных проекта на сумму 10 млрд. тенге. В их числе - жилищное строительство, сейсмоусиление и восстановительные работы объектов образования и здравоохранения; строительство и реконструкция объектов водоснабжения, орошения, водопроводной сети; строительство объектов государственного коммунального и кредитного жилищных фондов и ряд других.

Область показывает высокие темпы роста жилищного строительства. Третий год идет реализация Госпрограммы по обеспечению жилья, доступного широким слоям населения. В число 11 регионов, досрочно освоивших объемы ввода коммунального жилья, предусмотренного Госпрограммой на 2005-2007 годы (по одному 100-квартирному жилому дому в год), входит и Алматинская область.

Главой нашего государства было предложено развивать вблизи южной столицы города-спутники в сторону Капшагая. Эта идея сегодня уже воплощается в проекте развития правого побережья Капшагайского водохранилища.

Важным импульсом экономического роста региона станет создание Капшагайской курортной зоны. Реализация данного проекта, несомненно, окажет благоприятное воздействие на восстановление и развитие этого уникального комплекса, дальнейшее совершенствование туристской инфраструктуры не только в регионе, но и всей стране.

Прекрасными природно-климатическими условиями располагают также государственные национальные природные парки «Алтын-Емель», «Иле-Алатау» и «Шарын», Алматинский и Алакольский заповедники, озеро Балхаш.

Большие надежды возлагаются на деятельность СПК "Жетысу", созданной с целью содействия экономическому развитию Алматинской области и южной столицы. Корпорация должна стать своего рода институтом развития, управляющим государственными активами в регионе.

В области успешно решаются многие социальные проблемы. Наблюдается стабильное увеличение численности населения, в том числе за счет прироста рождаемости.

За всеми этими показателями стоит упорный, напряженный труд тружеников области, сотрудников государственных учреждений, депутатов маслихатов всех уровней, а также предпринимателей. Отдельно хотел бы выразить слова благодарности акиму Алматинской области Умбетову Серику Абикеновичу - опытному и авторитетному руководителю.

Үстіміздегі жылы Қазақстан демократиялық саяси жүйені дамытуда маңызды қадам жасады. Еліміз президенттік басқару жүйесінен президенттік-парламенттік басқару жүйесіне ауысты. Бұған осы жылғы мамыр айында Конституцияға енгізілген өзгерістер негіз болды.

Бұл ретте Парламент депутаттары, ең алдымен демократиялық құндылықтарды басшылыққа алды.

Конституцияға осы тарихи түзетулер Қазақстанның ішкі даму жолына сәйкес енгізілді. Мұның бәрі тәуелсіздік жылдары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың арқасында болып отырғанын атап өткен орынды.

Мемлекет басшысы халықтың алдында зор беделге ие бола отырып, өз еркімен, ішкі немесе сыртқы күштердің қысымынсыз, өкілдігінің бір бөлігін Парламентке беру мысалдары әлемдік тарихта кездесе бермейді. Еліміздің Президенті ең алдымен Қазақстанның болашағын ойлай отырып осындай қадам жасады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлем таныған «қазақстандық жол» үлгісінің авторы. Оның негізгі мәні - мейлінше қуатты және тұрақты экономиканы орнатып, соның нәтижесінде саяси реформаларды дамыту. Басты шарт - бұл ішкі тұрақтылық, онсыз ешқандай да өзгерістер мүмкін болмайды. Сондықтан экономиканы одан әрі өркендету және саяси жүйені жетілдіру бағытында сындарлы шаралар жүзеге асатын болады.

В результате Конституционной реформы численность депутатов Парламента увеличена до 154, часть из которых представляют Ассамблею народа Казахстана и другие значимые слои нашего общества.

Серьезным прогрессом в демократическом развитии Казахстана является новый принцип избрания Мажилиса по пропорциональной системе, то есть по партийным спискам.

Конституция предусматривает значительное усиление роли и статуса Сената в обеспечении эффективного процесса законотворчества и политической стабильности в стране. Отныне Сенат наделяется законодательными полномочиями всего Парламента в период временного отсутствия Мажилиса. Такую роль верхняя палата успешно выполнила, рассмотрев и приняв в июне 2007 года 42 важных для страны закона.

Как вам известно, Сенат наделен правом избрания Председателя и судей Верховного Суда, а также согласования кандидатур на должности Председателя Комитета национальной безопасности Республики, Генерального Прокурора, Председателя Национального Банка.

В дополнение к этим полномочиям добавилось право Сената назначать на должности двух членов Центральной избирательной комиссии.

Число совместных заседаний Палат, в соответствии с внесенными поправками в Конституцию, сокращено. Они созываются только по очень важным вопросам, таким, как внесение изменений и дополнений в Конституцию, утверждение отчета Правительства и Счетного комитета об исполнении республиканского бюджета.

Необходимо отметить, что в этом году с учетом конституционных изменений в новом порядке проходили обсуждение и принятие республиканского бюджета на 2008 год и корректировка бюджета на 2007 год. В связи с последовательным рассмотрением вопросов на раздельном заседании Палат существенно возросли роль и ответственность Сената, принимающего свое решение по данным вопросам.

Важным новшеством стало избрание девяти депутатов Мажилиса Ассамблеей народа Казахстана, которая является уникальным инструментом укрепления межнационального согласия и мира в нашей стране. В Казахстане решена важнейшая стратегическая задача - созданы максимальные условия для удовлетворения потребностей национальных меньшинств. Отрадно, что большую работу в этом направлении проводят «малые ассамблеи» в регионах, в том числе и в Алматинской области.

Повышается роль политических партий, их влияние на систему государственного управления и иные стороны общественной жизни за счет усиления контроля за формированием и деятельностью Правительства. Введено государственное финансирование политических партий, а также неправительственных организаций, что повлечет за собой ускоренное развитие неправительственного сектора нашего общества.

Повышена роль маслихатов и их депутатов, которые станут осуществлять эффективное местное самоуправление, в том числе благодаря большей подотчетности им исполнительных органов.

В целях обеспечения стабильности власти на местах с четырех до пяти лет увеличен срок, на который избираются маслихаты.

В этой связи необходимо напомнить, что вы, депутаты маслихатов, после выборов, прошедших в августе 2007 года, наделены большими полномочиями, чем ваши коллеги, работавшие в прошлые созывы. Теперь вы можете реально влиять на социально-экономические процессы в городах и районах области.

Дальнейшее развитие принципов образования и деятельности органов местного самоуправления будет реализовано в специальных законах: «О внесении изменений и дополнений в Закон «О местном государственном управлении» и «О местном самоуправлении».

Конституционная реформа привела к фундаментальной корректировке основ и положений, касающихся вопросов местного самоуправления.

Внесенные в Конституцию изменения и дополнения стали результатом многолетнего активного обсуждения всем народом Казахстана необходимости и возможности введения института местного самоуправления. Естественно, при этом учитывается и международный опыт.

Мы уверены в том, что местное самоуправление в Казахстане необходимо. Прежде всего, местное самоуправление нужно для привлечения активной части населения к решению вопросов местного значения, чтобы люди не просто уповали на помощь государства и центральную власть, а сами решали возникающие проблемные вопросы своего региона. Собственно говоря, это коренной вопрос развития демократии.

В рамках конституционной реформы были успешно решены еще несколько проблем:

Устранен жесткий принцип разделения местного самоуправления и государственного управления. Теперь действует норма, предусматривающая делегирование местному самоуправлению отдельных государственных функций.

Кроме того, местное самоуправление наделено правом осуществлять свои функции через маслихаты. Важно, что маслихаты могут являться одновременно и органами местного государственного управления и органами самоуправления.

Местное самоуправление, таким образом, выступает как способ, посредством которого производится оптимизация государственного управления.

Начался последовательный процесс децентрализации. Из Центра передано около 2 500 функций и полномочий, что заметно усилило местные органы власти.

Разумеется, на этом процесс совершенствования системы местного самоуправления еще не завершен. Нам предстоит принять законы, которые сейчас проходят через обсуждения и апробацию. Недавно в Сенате прошло специальное заседание с приглашением членов Правительства, ученых и других специалистов, в том числе депутатов маслихатов по данной проблеме.

Таким образом, политическая система Казахстана в базовых параметрах соответствует всем общепринятым в мире демократическим нормам и критериям. Это также является одним из наших главных достижений за годы независимости.

Мен ерекше назар аударайын деген келесі мәселе - Сенаттың жергілікті өкілді органдарымен өзара іс-қимыл жасауының қажеттігі.

Конституцияға және сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер шеңберінде Сенаттың көпшілік депутаттарын облыстар, астана және республикалық маңызы бар қала мәслихаттарының депутаттары сайлайтын болғандықтан, оның қызметі көптеген өңірлердегі өкілді билікпен тығыз байланыстағы палата болып қалады. Мәжіліс енді саяси партиялардың атынан өкілдік етеді, яғни олар үшін бүкіл ел сайлау округтері болып табылады.

47 сенатордың 32-сін мәслихат депутаттары сайлайды.

Конституцияда және Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында мәслихаттардың орталық заң шығару органы алдындағы тікелей бағыныштылығы көзделмеген.

Әйтсе де қазіргі уақытта Сенатта мәслихат депутаттарымен өзара пайдалы байланыстар қалыптасып отыр. Тәжірибе алмасу үшін мәслихат депутаттарымен кездесулер және тұрақты комитеттердің көшпелі отырыстары жоспарлы түрде өткізілуде.

Сенатта өтетін конференция, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шараларға мәслихат депутаттары тұрақты қатысып жүр.

Жоғарыда айтып өткенімдей, жақында менің басшылығыммен Сенатта мәслихаттармен өзара іс-қимыл тиімділігін нығайту мақсатында консультативтік-кеңесші орган - Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес құрылды.

Оның құрамына Парламент депутаттары, республикалық мәслихаттар бірлестігінің төрағасы және «Өңір» депутаттық тобының басшысы, сондай-ақ жекелеген облыстық мәслихат хатшылары кірді.

Кеңес, өзінің мәні бойынша, өңірлердің проблемаларын қарайтын, талқылайтын өзінше бір жұмыс алаңы болады. Оның жұмысының мақсаты - жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

Сонымен қатар, Кеңес өз жұмысында қоғамдық, ғылыми және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды көздейді.

30 ноября состоялось первое заседание Совета, на котором были обсуждены основные направления его деятельности по совершенствованию законодательства в сфере местного государственного управления, развития института местного самоуправления и регионов страны. Членам Совета даны поручения внести предложения по формированию Плана работы на первое полугодие 2008 года.

По инициативе депутатов в целях активизации связи с местными представительными органами в Сенате была создана депутатская группа «Өңір» («Регион»), основной задачей которой является работа по разъяснению и пропаганде государственной политики, инициатив Президента страны в сфере развития регионов и местного самоуправления. Согласно Регламента Сената в верхней Палате не допускается создание партийных фракций. Поэтому на депутатскую группу «Өңір» возлагаются большие надежды.

Парламент активно работал и в 2007 году. Было принято 69 законов, ратифицировано более 40 международных соглашений. В их числе такие важные законы, как Трудовой кодекс, о государственных символах, образовании, экспортном контроле, государственных закупках, безопасности машин и оборудования и многие другие.

Всего было внесено изменений и дополнений в более 50 законов, регулирующих налоговую, таможенную и бюджетную политику, вопросы социального обеспечения и труда, совершенствования административных процедур, деятельности отраслевых регуляторов и другие.

В соответствии с Планом законопроектных работ Правительства на 2007 год в Парламент предусмотрено внесение еще порядка 20 законопроектов, в том числе 2 кодекса «О здоровье народа и системе здравоохранения в Республике Казахстан» и «О браке и семье».

Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа да заңнамалық қолдауды қажет етеді. Бұл орайда негізгі міндет -мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қысқарту ғана емес, олардың сапасын арттыру. Бұл бағдарламалар аумақтарды одан әрі дамыту, өндірістік күштерді орналастыру және жергілікті өзін-өзі басқару институтын жетілдірумен тығыз байланысты болуға тиіс.

Енді сыртқы саясат туралы бірер сөз. Конституцияға сәйкес мемлекеттің дипломатиялық қызметіне Президенттің өзі тікелей басшылық етеді.

Қазақстан сыртқы саяси басымдықтарды дұрыс айқындап алды, бұл ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторына айналды. Біздің ел көрші мемлекеттермен, сондай-ақ әлемдік және өңірлік жетекші мемлекеттермен тұрақты және тиімді байланыс орнатты. Қазақстан әріптес елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастардың құқықтық базасын жасады.

Біздің ел бірқатар маңызды халықаралық бастамалардың авторы және белсенді қатысушысы болып отыр. Бұлар - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері. Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада жауапты және ықпалды әріптес ретінде баршаға танымал елге айналды.

Географиялық өлшемі және қызметінің ауқымы жөнінен бірегей - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалыққа сайланған Қазақстан - Орталық Азия, бұрынғы кеңес кеңістігі, сондай-ақ түркі тілдес және ислам әлемі елдері арасынан осы халықаралық ұйымға басшы болатын тұңғыш, әрі бірден-бір мемлекет.

Қазақстан Парламенті халықаралық байланыстарды дамытуда белсенді жұмыс атқарып келеді. Биылғы көктемде Сенат парламенттік дипломатия жөнінде ірі халықаралық конференция өткізді.

Келесі жылы Сенат Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Парламенттік Ассамблеясының сессиясын өткізу кезегін қабылдайды. Шамамен осы жиынға 55 мемлекеттен 600-дей депутат қатысады.

Современный Казахстан силен не только своими природными ресурсами и экономическими успехами, а также растущим влиянием в мировых отношениях, но и благодаря народному единству, огромному интеллектуальному и творческому потенциалу наших людей - талантливых, квалифицированных, искренне желающих принести пользу своему народу.

Осы тұрғыдан келгенде өткен жылдар ішінде атқарылған шаруа аз емес. Әлем елдерінің көпшілігінде теңдесі жоқ «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асуда. Мемлекеттік тілді дамытуда зор жетістіктерге қол жетті. Қазіргі жағдайды бұрынғы кеңестік дәуірмен немесе тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстыруға мүлде келмейді. Мемлекет Басшысы бұл маңызды және абыройлы жұмысты табандылықпен жалғастырып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға барлық тиісті жағдайлар жасалып, қажетті қаржы бөлінеді. Сонымен қатар қазақтар, әсіресе жастар Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми тілдерінің бірі - орыс тілін бұрынғыдай жақсы білуі керек, сол сияқты ағылшын тілін де оқып үйренуі тиіс. Жаһандану кезеңінде бұл өте маңызды.

Жер шарындағы 5 мыңға жуық үлкен және шағын ұлттар мен ұлыстар ішінен БҰҰ-ның 197 мүше мемлекеттері қатарына қазақтардың кіргенін әрқашан есте сақтауымыз қажет. Біз өз мемлекетімізді құрдық, ол өзінің негізін қалаушы, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында неғұрлым серпінді дамып келе жатқан табысты елдердің біріне айналды. Біз Қазақстанымызды мақтан тұтамыз, оның жарқын болашағына сенеміз.

Әрбір мемлекет небір қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді, проблемасы жоқ ел болмайды. Мысалы, қазір халықаралық нарықта күрделі үрдістер жүріп жатыр. Мұның барлығы Қазақстан экономикасына да әсер етеді. Мәселенің мәнісі - оны қаншалықты табысты шешуде. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан - өзінің алдына биік те өршіл міндеттер қойып отырған озық мемлекет. Біздің халқымыз әрқашанда өркениетті әлемнің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Бұл мақсаттарға анық қол жетеді, бұған еш күмән келтіруге болмайды. Ол үшін барлық қажетті жағдайлар: аса құнды адам капиталы, ірі табиғи ресурстар, байыпты стратегия, әрине, бүкіл әлемде беделі зор мықты лидеріміз бар.

Біз елімізге қызмет ету, мемлекет Басшысының стратегиялық бағытын жүзеге асыру бойынша өзімізге жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруымыз қажет. Ол үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмсап, тарихтың өзі ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдалануға, демократиялық және гүлденген Қазақстанды құруға лайықты үлес қосуға тиіспіз.

Жаңа, 2008 жылдың қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, зор бақыт және еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін.

Сіздер және Сіздердің отбасыларыңызға баянды береке тілеймін!

Алматы облысы одан әрі өсіп-өркендей берсін!

Қазақстан Республикасы бейбітшілік пен игіліктерге және ырысты ынтымаққа бөленсін!

Орайлы сәтті пайдаланып, Облыстық мәслихат хатшысы Ардақ Мәутханұлы Сыдықтың өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуға қосып отырған үлесін және белсенді қызметін атап өткім келеді.

Орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдары арасындағы байланыстарды нығайтуға сіңірген жемісті еңбегін ескере отырып, Сенат Бюросы Ардақ Мәутханұлын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде шешім қабылдады.

Барлық әріптестері алдында осы награданы табыс етуге рұқсат етіңіздер.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии