Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Будущее Казахстана без коррупции

Фото : 30 ноября 2010, 15:40

Қазақстан болашағы жемқорлықсыз

Будущее Казахстана без коррупции

2020 жылы Қазақстан жемқорлық көрсеткіштері ең төмен 60 мемлекеттің құрамына енуі тиіс. Бұл Халықаралық сарапшылардың жасаған мәлімдемесі. Ал аталмыш мақсатқа жету жолында біз қандай жұмыстар атқаруымыз керек? «Орамал тон болмайды...» дегенге саятын бұл дерт жайында осыдан мыңдаған жылдар бұрын Библияда да жазылған-мыс. Одан бері 2000 жыл өтіп, заман өзгеріп, әлем дамуы ілгерілесе де, пара перушілер мен алушылар қатары көбеймесе азайған емес. Осыдан кейін, бұл «пәледен» әсілі құтыламыз ба, жоқ па деген ой мазаламай қоймайды. Не нәрсеге асықпай қол жеткізетін, «қой» мінезді қазақтарға қарағанда, жазалаудың ең қиын тәсілдерін қолданатын Қытайдың өзі жемқорлар санын азайта алмай әлек. Кейінгі 10 жылдың ішінде 10 000 -нан астам жемқор шенеунікті өлім жазасына кессе де, парақорлық оларды да зар жылатып келеді. Дәл осы ретте шенеуніктің бәрі пара алудан бір-ақ күнде бас тартса да, ақша айналымының өзге бір тәсілін қолданатындар міндетті түрде табылатыны хақ. Себебі, пара алу мен беру - саяси билікке емес, әр индивидтің, яғни әр азаматтың өзіне байланысты. Демек, біз бен сіз еліміздегі жемқорлықпен күресудің жаңа, тың жолдарын іздестіріп, оған қарсы мықты насихат жүргізуді қолға алуымыз керек. Себебі жемқорлық- мемлекетіміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіретін дерт. «Біз парақорлардың жолын кесіп, оған қарсы соғыс жариялауымыз қажет» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы «Жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес жүргізу жолдары» атты арнайы бұйрығын жария еткен еді. Көп ұзамай, яғни 2001 жылдың қаңтарында «2001-2005 жылдарға арналған жемқорлықпен күрес» атты арнайы мемлекеттік бағдарламасы да қабылданған болатын. Бұған қосымша, 2006-2010 жылдарды қамтуға арналып, 2011 жылға ден ұзартылған қосымша бағдарлама да өз күшіне енді. Ал 2002 жылы жемқорлықпен күресу және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этиканы сақтау мәселелерін қадағалаумен айналысатын Президенттік комиссия құрылып, мемлекеттік органдардағы жемқорлық деңгейін анықтауға арналған біраз шараларды атқарды. Демек, аталмыш дертпен күрес әрдайым Президентіміздің назарынан тыс қалған емес.

Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетіп, заңсыз ақша айналымын тоқтатуға бағытталған іс-қимылдардың елеулі табыстарға жеткізгендігін Сингапур, Гонконг, Португалия, Швеция мемлекеттері дәлелдеді. Бұл мысалдар «дертті» емдеуге болатынын, сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдерінің бар екендігі және принципті әр жүйелі сипатқа ие болған жағдайда, олардың айтарлықтай тиімді болатынын дәлелдей алды. Әрине, жемқорлық көрсеткішін төмендету бір күндік шаруа емес. Десек те, құныққан парақорлардың жолын кесуде талмай еңбектеніп жатқан «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық Партиясы кейінгі жылдары біраз оңды нәтижелерге жетті. Партия ішінен жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін қоғамдық кеңес пен арнайы медиаорталық та құрылды. Бұдан өзге «Жемқорлықты құртуға арналған 10 батыл қадам» атты арнайы бағдарлама да қабылданған болатын. Оның ішінде: елдегі шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсету, кәсіпкерлікке қойылған шектеулерді тоқтату, әр индустриялды жобаның іске асуына қоғамдық бақылау орнату және халықаралық стандарттарға көшуді қолға алу қарастырылған. Сондай-ақ қоғамдық пікір қалыптастыруда БАҚ-ның маңызды рөл атқаратынын ескере отырып, партия жыл сайын журналистер үшін жемқорлық әрекеттерін әшкерелеуге арналған зерттеу жұмыстарының байқауын да ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар, жемқорлардың «жемтік» алуын масқаралайтын әлеуметтік жарнама мен шенеуніктердің өтірік-шынын анықтайтын арнайы детекторді қолданысқа енгізу де тұр. Бұл дегеніміз, жемқорлық ел экономикасының дамуын тежеумен қатар, халық санасына «ақшасыз ештеңе шешілмейді» деген сенімнің берік қалыптасуына ықпал етіп жатқандығының көрсеткіші. Осы ретте сіз бен біз жұдырықтай жұмылып, жемқорлардың жолын кесіп, әділетті қоғам қалыптастыруға талпынуымыз қажет. Өйткені, заңсыз ақша айналымына қарсы жан-жақты және мақсатты саясат жүргізу халықтың әл-ауқатын көтеруге, Қазақстанның әлемдік рейтингтен лайықты орын алуына, республикамыздың инвестициялық тартымдылығы мен халықаралық аренадағы беделін арттыруға септігін тигізеді.

Главный специалист НУ по Ауэзовскому району г. Алматы Чалабаев А.Е.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии