Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қазақстан Республикасында «Сот приставы туралы» Заңын қабылдау

Заңгер

Фото : 26 марта 2014, 13:14

Қазақстан Республикасының судьяларының шығарған сот актілерінің мәртебесін көтеру мақсатында «Сот приставы туралы» заң қабылдау қажет деп есептеймін.

Бұндай заңды не үшін қабылдау қажет?

Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқарушылық туралы заңы өзінің белгілі бір шеңберінде жұмысын атақарып келеді. Яғни қылмыстық заң бұзушылыққа байланысты шығарылған сот актілері белгілі бір деңгейде орындалады. Осы орайда неге азаматтық құқық бойынша шығарылған сот актілерінің орындалуына кепілдік ретінде «Сот приставы туралы» Заң қабылдап, бөлек ведомства құрмасқа. Өйткені, бәріне белгі азаматтық сот өндірісі бойынша шығарылған сот актілерінің саны жылдан жылға көбейіп, шығарылған сот актілерінің шамамен 60 пайызы нақты орындалып келеді. Ал қалған бөлігі орындалусыз қалып, мемлекетке шығын келтіріп, азаматтардың заңды құқықтары толығымен қорғалмайды. Осыған орай, мемлекет пайдасына және азаматтардың құқықтарын сақтап, шығарылған сот актілерідің мәртебесін көтеріп, халықтың сотқа деген сенімділігін арттыру мақсатында аталған заң қабылдап, бөлек ведомства құру қажет деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасы сот актілерін орындау Комитетін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі құзырынан алып, Қылмыстық атқарушылық инспекциясымен біріктіріп, «Сот приставтары қызметі» ведомствасын құру қажет. Жаңадан құрылған ведомства үш бағытта өзінің жұмысын атқаруы дұрыс деп есептеймін.

1. Қылмыстық атқарушылық өндірісі, яғни сот үкімдері мен қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету.

2. Азаматтық атқарушылық өндірісі, сот шешімдері мен бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз ету.

3. Сот ғимараттары мен судьялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы айтылған ұсыныстың әр бір сөйлеміне жеке тоқталар болсақ; Сот актілерін орындау Департаменті, яғни сот орындаушылар өзінің жұмыстарын тергеуші ретінде атқаруы қажет. Қылмыстық, азаматтық атақарушылық өндірісін қозғап, тиісті құжаттарды рәсімдеп, атақару өндірісін толығымен аяқталуын қамтамасыз ету. Ал сот приставтары, ҚР ІІМ-нің жедел өкілдері ретінде, сот орындаушының тапсырмаларын орындап, қажет болған жағдайда сот орындаушының талабымен шақырылған азаматтарды сот мәжілісіне немесе сот орындаушысына мәжбүрлеп жеткізу, және тағы басқа жедел тапсырмаларды орындауды жүктеуге. Сонымен қатар, сот ғимараттарын, қазіргі күні ҚР ІІМ-не қарасты Мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері күзетеді, осының орнынан арнайы дайындықтан өткен сот приставтары кезекшілігін атқарған дұрыс болатын секілді. Ол үшін сот орындаушылар мен сот приставтары арнайы әскери дайындықтан откізіліп, шен беруі қажет.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қазақстан Республикасының « Қылмыстық атқарушылық туралы » және « Сот орындаушының мәртебесі туралы » заңдарын біріктіріп, ортақ «Сот приставтары туралы» Заңын қабылдаған дұрыс болар деп ойлаймын. Халық алдында сот приставтарының беделділігін көтеру үшін, оларды арнайы әскери дайындықтан өткізіп, травматикалық қарулар, резенке таяқ, кісен және арнайы киім тіктіріп, шен берген дұрыс болар. Жалпы айтқанда, ҚР ІІМ-нің қызметкерлері секілді қажетті киімдермен қамтамасыз ету керек.

Сот привтавтарының құзырына сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қызметтік шеңберінде қылмыстық іс қозғау, атқарушылық өндірісін жүргізуді, тергеу, іздестіру шаралары мен бірге күзет қызметі бағытында лауазымдық міндеттерін жүктеген дұрыс.

Өйткені, бүгінгі күні өкінішке орай сот орындаушылар мен сот приставтарының құзыреті шектеулі және қарапайым халық алдында беделдері жеткіліксіз деп ойлаймын. Бұндай өзгерістерді жандандыру үшін, АҚШ және Ресей Федерациясының сот приставтары қызметтерінің тәжірибесіне сүйенуге болады.

Бұндай тәжірибе қандай өзгерістерге алып келуі мүмкін?

Алдымен, Еліміздегі жұмыссыздық санын шамалы болса да төмендетеріне сенімдімін. Судьялардың шығарған сот актілерінің мәртебесі жоғарлап, халықтың сотқа деген сенімін арттыруы мүмкін. Халық аузында жүрген «грош цена таму решению которое не исполняется», немесе «сотқа бергеннен не пайда бәрі бір орындалмайды» - деген сөздер жоғалар еді. Жасы кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар азайуы мүмкін. Сонымен қатар, мемлекет пайдасына өдіріп алуға жататын атқару өндірісінің басым көпшілігі орындалуына алып келуі мүмкін.

Осындай өзгерістер, Мемлекеттің беделін арттырып, азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына кепіл болатынына сенімдімін.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии