Мемлекеттік сатып алудың көлеңкелі экономикамен ұштасуының себеп салдары

Экономист

Қайырлы күн оқырмандар және құрметті әділ қазылар!

Жуырдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында, Елбасы көлеңкелі экономиканың көлемін төмендету бойынша атқарылатын шараларды күшейту керек деп тапсырма берген болатын.

Нарықтық экономикаға көшкен елімізге ере келген кеселдердің бірі - осы көлеңкелі экономика. Жалпы, «көлеңкелі кәсіппен кімдер айналысады» деген сұраққа жауап бергім келді. Қолма-қол ақша жүретін жерлердің бәрінде көлеңкелі экономика жүріп жатыр деп күдіктенуге негіз бар ма деген сұрақ әркімді де мазалайтыны рас.

Көлеңкелі экономика - экономиканың аса күрделі мәселесіне айналды. Жалпы ішкі өніміндегі оның үлесі күннен күнге етек алуда. Ал бұл келеңсіз жаймен күресу кез келген азаматтың міндеті деп білемін. Экономикаға тигізер зардабы жоғары екені анық. Барлық мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың, заңды білмеуі немесе салғырт қарауы себебінен қылмыстық жауапкершілікке тартылуы алаңдататын жағдай. Бұқаралық ақпарат құралданын оқысаңыз, күнде бірнеше лауазымды тұлға және фирма басшылары үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жарыса жазып жатады. Баршамызға белгілі, қылмыс неліктен өсіп барады деген ой мазалайды. Осы мемлекеттік сатып алудың қиыншылығын кімдер көруде деген тақырыпта ой қозғап отырмын.

Бірінші айтарым, мемлекеттік сатып алудың жыл соңында өтуі яғни қараша, желтоқсан сәйкес келуі,бюджет қаражатының игерілмей қалуы, менің түсінігім бойынша көлеңкелі экономикаға жетелейтін жол болуы әбден мүмкін, себебі Республикалық бюджеттен берілген қаражат уақтылы игерілмесе қайтарып алынаты баршамызға белгілі. Егер қаражатты қайтарып алса, жол, құрлыс және тағы басқа да обьектілердің тоқтап қалмасына кім кепіл болады. Сондықтан бөлінген қаражатты игеру мақсатында, төмендегі заңсыздықтарға баруға тура келеді. Атап айтқанда Республикалық бюджеттен берілген қаражатты игеру үшін, төмендегі заңсыздықтар орын алуда:

Мемлекеттік сатып алу бойынша Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты, жеңімпаз фирмаға аударып беру (бюджет қаражатын игеру үшін басшылардың қыспаққа алуы, мәжбүрлі түрде орындатуы дер едім) себебі бюджет қаражатын игеру қажет, орындамаса неге пайдаланбадың деп шара көретін болғандықтан, осындай жағдайларға баруына тура келеді, яғни атқарылмаған жұмыс үшін жалған мәліметтер енгізу арқылы, форма 2.0 толтырып, (егер, құжатты толтырмаса қазынашылық банк өкізбейді) қаражатты алған жеңімпаз фирмаға аудару деректері көбейуде, себебі (Республикалық бюджеттен) берілген қаражатты игеру мақсатында жұмыс жүргізу қажет. Осы тарапта мемлекеттік сатып алуды (тендер) өткізген мемлекеттік мекеме тарапынан заңсыздыққа баруына тура келеді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу қажет, жылдың соңында қаражат бөлінгендіктен, игеру мерзімін, келесі жылдын белгілі бір уақытына дейін ұзарту. Себебі ұйымдасқан қылмыстың орын алу себебі (ҚР ҚК 307 , 308 бабындағы лауазымды тұлғалардың қызмет бабын пайдалану немесе атқарылмаған жұмыс үшін, форма 2.0 қол қойып, ақша аудару деректері орын алуда).

Екінші жағынан жеңімпаз болып ұтқан фирма үшін түскен (Республикалық бюджеттен) қаражаттары бойынша салық декларациясын толтырудағы заңсыздықтарға баруына итерілмейін жағдай, себебі қаражат атқарылған жұмыс үшін бет есебіне түскендіктен, декларация тапсыруға міндетті. Ол декларациясында кірісінде жұмыс істедім деп көрсету қажет (жұмыс істемесе де, атқарған жұмысына қаражат түсіп отыр жағдайда), ал декларацияның шығыс жағында (за счет) сатып алған үшін жалған мәлімет толтыруға тиіс, себебі қаражат келгенімен пайдалану мүмкіншілігі шектеулі,(жылдың соңы болған соң, қаражатты игеру үшін берген) сондықтан басқа фирмалардан алдым деп көрсетуі, себебі салық декларациясында салықтан аз төлеуі үшін осындай жағдайға баруы жасырын емес. Менің айтып отырғаным бір ғана қосымша құн салығындағы жағдай (ҚҚС декларациясындағы жағдай). Осындан барып жалған кәсіпорындар счет фактуралар сатып алуына немесе түрлі заңсыздықтарға баруына тура келеді.

Көп жағдайда тускен ақшаны толық банктен қолма-қол ақшамен бірден алуы, заттарды тек базардан алуы, сапасыз болуына әкелетін жағдай туғызады. Көп ретте айтылатын жағдай мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз фирманның, сыйақы беруі, егер сыйақы бермеген жағдайда, тендерден ұтып алуы мүмкін емес екенін барлық ақпарат құралдары жазуда. Егер ұтқан соммасының белгілі бір бөлігін тендер (мемлекеттік қызметкерге) өткізушіге беріп отырса, сол ақшанның орынын жабу үшін төмендегі заңсыз іс-әрекеттердің орын алуы мүмкін.

- Біріншіден жұмысшылардың айлығын толық төлей алмауы, несие алуға итермелейді. Бұл жағдайда қаражат тапшылығын көруі әбден мүмкін, сонда ол банк үшін жұмыс істейді.

-Уақтылы салығын төлей алмайды, қаражаттың жетіспеуінен жалған кәсіпорындармен байланыс жасауына, жалған счет фактура сатып алып, салықтан қашуға әкеп соқтырады.

- Салықтан және жалақыдан қарызы көп болғандықтан, фирманы әдейі банкротқа жібердің жолын іздейді.

- Алдын ала құрал жабдықтарды және негізгілерін мүліктерді басқа фирмаға аудару арқылы немесе туысына қайтарымсыз негізде беруің жолын іздейді.

- Салық комитетіне декларацияны тапсырған кезде, барлығын ноль деп көрсетіп, бірнеше рет қосымша декларациялар тапсыруы, себебі обороты үлкен мөлшерде болуы, одан басқа да заңсыздықтарға барғандықтан, тез мекен -жайын ауыстыруы, салық комитеті іздеген кезде мекен жайынан таба алмауы, содан барып ол туралы салык комитетінің сайтында көрсетілуі мүмкін жағдай.

- Қаншама азаматтың айлық жалақысын бермеуі және үлкен мөлшерде салықтан қашуы, банкрот болудың жолын іздейді. Осыдан барып, салық түстпегендіктен мемлекетке үлкен зиян келуін атап өтуге болады.

Жоғарыдағыларды қорыта келе, мемлекеттік сатып алудың көлеңкелі экономикамен ұштасуындың себеп салдары туралы ойымды жаздым, бюджетті жоспарлау жүйесін жетілдіру, келешекте заңсыздықтардың орын алмауы үшін, аталған заңдарға толықтырулармен өзгерістер енгізу қажет деп ойлаймын.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления