Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Шарттарға мемлекеттік бақылау

Заңгер

Фото : 12 мая 2014, 17:43

Өздеріңізге белгілі қазіргі нарықтық заманда жеке меншік секторлар дамып, азаматтар арасында жасалатын келісім шарттар саны өсті. Бірақта, кезкелген толтырылып, қол қойылып, күшіне еніп жатқан келісім шарттардың барлығы заңға сәйкес деп айта алмаймыз. Мұның дәлелі ретінде бірнеше мысалдарды келтіруге болады:

1) Қазіргі еліміздегі көшіп қону процесінің көбеюуі барысында елімізде жер телімін, үйлерді, пәтерлерді сату және сатып алу бойынша жасалатын келісім шарттардың жасалуында заңсыздықтарға жол берілуде. Сол заңсыздықтардың нәтижесінде сотта жер, үй, пәтер дауы бойынша қаралып жатқан істер саны күрт өсіп кетті. Мұның басты себептері:

а) халықтың құқықтық сауаттылығының төмендігі;

ә) бұл саладағы алаяқтық қылмыстардың көбеюуі;

б) өздеріне белгілі елімізде көптеген келісім шарттар нотариалдық кеңселерде жасалады, бірақта нотариалдық кеңселер өздеріне келіп түскен үйге, жерге, пәтерге байланысты құжаттардың түп нұсқа екендігін зерттейтін орган болып табылмайды, ол тек жасалынып жатқан келісім шарттарды куәландырады.

2) Еліміздегі банк секторында жасалынып жатқан шарттар. Мысалы: Қазір көп кездесетін банктік несие шарты бойынша сіз банктен несие қаражатын шет елдік валюта бойынша алғанда қайтару керек сомаңызды банк айқындап көрсетіп отырады және сіздің банкке төлейтін қаражат соммасы алған шетел валютасының нарықтағы және банктегі көрсеткіштеріне тәуелді болады. Есіңізде болса адамдар ақша қаражаты керек болған соң кредит саласы дами бастаған тұста түсінбей 1 АҚШ долларының бағамы 150 теңге кезде, 1 000 АҚШ долларын яғни 150 000 теңге алады, 20 пайыз банке 1 жылда қосып қайтарады сонда 1 300 ақш доллары яғни 180 000 тенге болады деп ойлайды. Алайда 1АҚШ долларының бағамы күрт өсіп 180 теңгеге шықты яғни, төлейтін сомма 216 000 теңгені құрайды. Бұл мысал несиеге тек 1000 АҚШ долларын алған азаматтың жағдайы, ал енді ипотекалық несие бойынша 100 000 АҚШ долларын алған азаматтың жағдайын ойлаңыз? Әрине азаматтың мұндай сомманы қайтаруы оңай емес, сондықтан мемлекеттік органдарға, соттарға азаматтар - банктер шарттарды өздеріне қолайлы етіп жасаған, шарт бойынша толық түсінік бермейді, валюта бағамының өзгеруіне байланысты шарттарға бір жақты өзгерістерді көп енгізіп отыр деп, арыз шағым айтып келуші, сол жағдайлардан несиеге кепілге қойған немесе ипотекалық несиемен әрең алған үй, жер, пәтерлерінен айырылып баспанасыз қалып жатқан азаматтар саны артуда.

Заңға қайшы немесе тек қана бір жақтың басым құқығын көздейтін шарттар саны өте көп. Бұл салада мемлекет тек қана азаматтардың құқығын зардап шеккеннен соң ғана сот арқылы қорғап отыр. Өздеріңізге мәлім қазір көп дамыған құрылыс саласына мысал келтірсек шетелдік немесе өзіміздің құрылыс компаниялары келіп тұрғын үйлерді салады, оны тездетіп азаматтарға сатады, екі жақты сату-сатып алу келісім шарттары жасалады. Былай қарасаңыз барлығы заңды. Бірақ бір жылдан соң азаматтар сатып алған құрылыс нысаны сын көтермей құлап та жатыр. Мысалы; 2012 жылы сәуір айында Қарағанды қаласындағы су жаңа көп қабатты тұрғын үй кешені құлады. Зардап шеккен азамат қолындағы келісім шартты ұстап мемлекеттік органға барады, ол жерде оған құрылыс нысанын салған компания банкрот деп жарияланған немесе шетелдік компания, компания иесі қайтыс болған, не ол мемлекеттен кетіп қалған, ал ол компания иесінің елімен бұл салада дипломатиялық қатынас жоқ деген жауап алады.

Бұдан жасайтын қорытындымыз, зардап шеккен азамат қолындағы заңды жасалған келісім шарт болса да, баспанасыз қалады. Себебі зардапты өндіретін тарап жоқ. Нәтижесінде Қазақстанда өзіне қол жұмсау жағдайлары, әлеуметтік жағынан көмекке мұқтаж азаматтар саны өсуде. Бұл жағдайлардың барлығы Еліміздің қарқынды дамуына, азаматтардың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіруде.

Қазақта сөз бар « ауруды емдей бермей, аурудың алдын ал » деген. Осыған сәйкес зардап шеккен азаматтардың істерін сотта қарап уақыт және мемлекеттің қаражатын жоғалтып, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар санын көбейткенше, оның алдын алу шараларын қарастырған жөн.

Менің ұсынысым:

ҚР Азаматтық заңына келесі өзгерістерді енгізу қажет:

Жер телімін, тұрғын үй, пәтер сатып алу -сату шарттарына және де ипотекалық несие шарттарына 3-тарап, яғни сол шарттардың заңға сәйкестігін тексеріп, бекітетін мемлекеттік орган (Әділет органдары) қатысқаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі шартқа мемлекеттік орган қатысады деген сөздің өзі, көптеген заң бұзушылықтарды болдырмауға септігін тигізеді, және де әділет органдары шарттарды жасауда, құжаттардың заңдылығын тексеруде тәжірибесі мол. Осы бір шараны қолдану сотта қаралатын істердің, шарттардан зардап шегіп әуре-сарсаң болатын азаматтардың санын азайтуға өз үлесін қосатындығына кәміл сенемін. Сонда ғана біз атам қазақ айтқандай - ауруды емдемей, аурудың алдын аламыз деген ойдамын.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии