Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ҰСЫНЫС

Бакалавр юриспруденций

Фото : 13 мая 2014, 11:06

Кіріспе

Халықтың кемел болашағы жолында, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бірінші кезекте адамзат санасын улайтын арақ-шарап сияқты зиянды заттардың ел ішінде емін-еркін сатылуына шек кою керек. Түп тамырына бойлап қарайтын болсақ, бұл зиянды өнімдер болашақтың тамырын улау, адамзат өміріне өте қауіпті заттар екені баршамызға анық. Бұл заттарды тұтынудың негізі қайда апарып соқтыратынын ойласақ, жан түршігетін ойлар мазамызды алады, тіпті ойлауға да келмейтін іс-әрекеттер, сұмдық қылмыстар, маскүнемдік, қаншама адамның қайғысының себепшісі болған алкогольдік ішімдіктердің ел ішінде сатылуын мемлекет тарапынан бақыламаса болмайтын сияқты.

Арақтың азық-түлік болып табылмайтынына байланысты, адам денсаулығына қажетті өнімдер сатылатын азық-түлік дүкенінен алыстату керек. Яғни, алкогольді ішімдіктер өндіретін және сататын, сатып алатын жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ алкогольді ішімдік сатып алатын азаматтарды бір жерге шоғырландыратын алкогольді ішімдік саудасын бақылау ұйымын және бір орталықтандырылған тек алкогольді ішімдіктер дүкенін құру туралы ұсынысым бар.

Бір орталықтандырылған тек алкогольді ішімдіктер дүкенін құру туралы

ҰСЫНЫС

1. Алкогольді ішімдік саудасын бақылау ұйымы - алкогольді ішімдіктер өндіруге және сатуға рұқсат беретін, алкогольді ішімдіктер өндіретін және осындай өнімдерді сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құзырындағы алкогольді ішімдіктердің санын ( осы ұсыныстың 3 бөлімнің 1) бөлігіне сәйкес) және заңда көзделмеген жағдайларда сатылмауын қадағалайтын, мемлекеттің әр облыстық маңызы бар қаласында, бір орталықтандырылған тек алкогольді ішімдіктер сатылатын дүкенінің тек бір ғана филиалын құратын, осы дүкеннің ішкі регламентінің сақталуын қатаң бақылайтын және алкогольді ішімдіктердің тек осы дүкенде сатылуын қадағалайтын, алкогольді ішімдіктер өндіретін және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың тізімін жеке жүргізетін және оларға өз құзіреті шегінде бақылауды жүргізетін, және заңсыздықтың алдын алу мақсатында олардан тауарлары мөлшерінен тек статистика жургізу мақсатында ғана есеп алатын (осы ұсыныстың 2 бөлімнің 7) бөлігіне сәйкес) және осы есептің нәтижесі туралы үкіметке есеп беретін алкогольді ішімдік саудасын бір орталықтандыратын жеке ұйым (жүйе) құру туралы ұсыныс.

Бұл ұйым:

1) мемлекеттік органдармен өз құзіреті шегінде бірлесіп қызмет атқарады және өзара байланыста болады;

2) мемлекет төңірегінде, мектептерде, т.б оқу орындарында жастарға алкогольді ішімдіктердің адамзат өміріне зияндылығын, бұл ішімдіктің қандай жағдайларға апарып соқтыратынының салдарларын жіті түсіндіріп, алкогольді ішімдіксіз салауатты өмір сүруге жиі белсенді насихаттау сабақтарын жүргізеді, т.б ішімдікке қарсы кез-келген іс шараларын ұйымдастырады;

3) алкогольді ішімдіктер өндіретін және осындай өнімдерді сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың ішкі тәртібіне және қаржылық шығындары мен табыстарына араласпайды;

4) мемлекеттің рұқсат етілмеген кез-келген жерінде және уақытында алкогольді ішімдіктердің сатылмауын болдырмауды көздеп, сенімді байланыс телефонын орнатады. Осы байланыс телефонына кез-келген адам немесе азамат кез-келген уақытта хабарласып, алкогольді ішімдіктің заңсыз сатылып жатқандығын айта алатын болады Алкогольді ішімдіктердің заңсыз сатылмауын бақылау мақсатында басқада тексеріс шараларын ұйымдастырады;

5) алкогольді ішімдіктер өндіретін және осындай өнімдерді сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың жұмыс орындарына тек алкогольді ішімдіктердің мемлекет төңірегінде заңсыз таралмауын бақылау мақсатында ғана өз өкілдерін қояды.

6) алкогольді ішімдік саудасын бақылау ұйымының алкогольді ішімдіктер өндіретін және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың жұмыс орындарындағы өкілі - алкогольді ішімдіктер шығаратын жеке және заңды тұлғалардың құзырынан қанша мөлшерде ішімдік өндірілгенін, шетелден қанша мөлшерде сатып алынғанын және қаншасы сатылымға өткізілгенін және тек бір орталықтандырылған алкогольді ішімдіктер дүкенінде ғана сатылымға шығарылуын қадағалайды;

7) кез-келген алкогольді ішімдіктерден басқа, сауда жасауға рұқсат берілген жеріндегі немесе басқада кез-келген жерінде (қаласында, елді-мекенінде, ауылында т.б) адамдар мен азаматтарға, дүкендерде (дүкендерге), дүңгіршектертерде (дүңгіршектертерге), базарларда, супермаркеттерде т.б (тек кафелер мен мейрамханаларда сатуға рұқсат берілген уақытты қоспағанда және алкогольді ішімдік саудасын бақылау ұйымы негізінде құрылған, бір орталықтандырылған тек алкогольді ішімдіктер сатылатын дүкендердің сауда жасауға берілген уақыттын қоспағанда) алкогольді ішімдіктердің мүлдем сатылмауын қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады;

8) алкогольді ішімдіктер өндіретін және осындай тауарларды сатумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғаларды жеке тізімге алады;

9) мемлекеттің әр облыстық маңызы бар қаласында ғана, алкогольді ішімдік саудасын бақылау ұйымы негізінде құрылған, бір орталықтандырылған, алкогольді ішімдіктер дүкенінің тек бір ғана филиалы болуын (Қазақстан Республикасы бойынша тек 16 бір орталықтандырылған алкогольді ішімдіктер дүкені болуы қағидасы және басқа жерде алкогольді ішімдіктер сатуға мулдем тыйым салу керек) және осы дүкеннің ішкі регламентін қатаң талаптарға сәйкес қалыптастыруды қадағалайды;

10) бір орталықтандырылған тек алкогольді ішімдіктер дүкенінде жеке және заңды тұлғаларға және азаматтарға бөлек түрде қарастырылған алкогольді ішімдіктердің тек бір тәулікке арналған белгілі бір көп мөлшердегі емес сату нормасын белгілейді және осы нормадан асырып сатылмауын бақылайды;

2. Алкогольді ішімдік саудасын бақылау ұйымы негізінде құрылған бір орталықтандырылған тек алкогольді ішімдіктер дүкені - бұл тек қана алкогольді ішімдіктер сататын жеке және заңды тұлғалардың Облыстық маңызы бар қалада және Республикалық маңызы бар қалада тек бір жерде орталықтандырылған сауда жасайтын орны.

1) Бұл дүкенде алкогольді ішімдіктер сататын жеке және заңды тұлғалардың фирмалық атауы жазылған мөріне қоса міндетті түрде, алкогольді ішімдік саудасын бақылау ұйымы - деген мағына болуы тиіс;

2) Бұл дүкен арнайы күзет күштерімен, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруда қажетті жабдықтармен, т.б қажетті заттармен қамтамасыз етілуі тиіс;

3) Бұл дүкенге Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетел азаматтарының кіруінің және шығуының осы дүкен регламентіне сәйкес бақылауда болады;

4) Бұл дүкенге Қазақстан Республикасы кәмілетке толмағандарды қоса алғанда Қазақстан Республикасы жастарына кіруге тыйым салынуы керек (яғни 29 жасқа толмаған азаматтарға кіруге тыйым салынуы керек, 29 жасқа толмаған кафесі немесе мейрамханасы бар жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны қоспағанда);

5) Бұл дүкенге Қазақстан Республикасы азаматтары және шетел азаматтары тек жеке басын анықтайтын құжаттары негізінде ғана кіре алады;

6) Егер Қазақстан Республикасы азаматы және шетел азаматы алкогольді ішімдік сатып алғысы келген жағдайда, ол азаматтың жеке басын анықтайтын құжаттар негізінде ғана, аты-жөні кассада отырған жауапты кассирмен компьютерге чек негізінде енгізіліп, тауардың бағасы төленген жағдайда, тауар сол азаматқа сатылған болып есептелініп, сатылғандығын растайтын чек берілуі керек;

7) Әр кәсіпкердің құзырыннан қай уақытта, кымге, қандай және қанша ішімдік сатылғанын автоматты түрде есептеп, толық мәлімет беретін және сатылу тізімін қалыптастырып отыратын (салыстырмалы статистикалық бақылау есебін жүргізу мақсатында және алкогольді ішімдіктер саудасында заңсыздықтың алдын алу үшін) компьютермен локалдық жүйе арқылы қалыптастырылған жауапты кассалар болуы керек;

8) Алкогольді ішімдік сатып алушы азаматтың жеке басын анықтайтын құжатын кассадағы компьютерге тіркеусіз және чексіз сатуға қатаң түрде тыйым салынады;

9) Алкогольді ішімдік сатып алушы азаматтың жеке басын анықтайтын құжатын, кассадағы компьютерге тіркеусіз және чексіз сатқан және басқа да заңсыз түрде алкогольді ішімдік сатқан кез-келген адам және азамат немесе жеке және заңды тұлға ҚР Заңдарына сәйкес жауапкершікке тартылуы керек;

3 . Алкогольді ішімдіктер өндіретін және осындай өнімдерді сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

1) Алкогольді ішімдік саудасын бақылау ұйымының өкіліне тек қана өнімдердің саны жағынан ғана есеп береді. Өз ішкі тәртібі және қаржылық шығындары мен табыстары туралы есеп бермеуге құқығы бар;

2) Кез-келген алкогольді ішімдіктерден басқа, сауда жасауға рұқсат берілген жерде немесе басқада кез-келген жерде (қалаларда, елді-мекендерде, ауылдарда т.б) адамдар мен азаматтарға, дүкендерде (дүкендерге), дүңгіршектертерде (дүңгіршектертерге), базарларда, супермаркеттерде т.б заңда көзделмеген жағдайларда алкогольді ішімдіктерді мүлдем сатпауға міндетті;

3) бір орталықтандырылған тек алкогольді ішімдіктер дүкенінен басқа, тек кафелері мен мейрамханалары бар жеке және заңды тұлғалар ғана алкогольді ішімдіктерді сатуға тек ҚР Заңымен көзделген негіздерде сата алады;

4) Алкогольді ішімдіктер өндіретін және осындай өнімдерді сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың басқа кәсіпкерлікпен айналысуға құқықтары жоқ.

Осы орайда, өзгертулер мен толықтыруларды қажет ететін Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізулеріңізді сұраймын. Әсіресе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексі мен Қылмыстық Кодексіне және Сыбайлас жемқорлық туралы Заңына осы ұсыныс бойынша жауапкершілікті жоғарылату керек.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии