Бангладеште «ағаш адамға» операция жасалды

14 марта 2016, 10:47
Фото:

Бангладеш дәрігерлері күнделікті тәжірибеде жиі кездесе бермейтін операция жасады. Бұл жолғы науқастың да дерті елден ерек. 10 жылдан бері ауру азабын тартып келген 25 жастағы Абул Баяндар «эпидермодисплазия верруциформис», яғни қарапайым тілде «ағаш адам» деген дертке шалдыққан, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Ауруы асқынғанға дейін арбакеш болып істеген Бангладеш азаматы қазір, өз қолымен тамақ ішуден де қалыпты. Себебі ағаш тамырына ұқсас сүйел, оның алақаны мен саусақтарын түгел басып кеткен. Дегенмен жас жігіт қиындыққа мойымай, қызын қолына алып, құшағына қысатын күннің алыс емес екеніне сенеді. 3 сағатқа созылған операциядан шыққан дәрігерлер жара орны бітуі үшін тағы 6 ай уақыт қажет дейді.

Айта кеткен жөн, Абул Баяндра мұндай дертке шалдыққан әлемдегі төртінші адам.

«Біз науқасты толықтай тексерістен өткізіп, сүйелді жою үшін алғашқы операция жасадық. Бірақ операция саны 10-12-ге дейін баруы мүмкін. Оған қоса науқастың терісі мен қан құрамын Америкаға сараптамаға жіберіп, нәтижесін күтудеміз. Біз оның екі қолына да операция жасап, сүйелдің өсуін тоқтатамыз деп ойлаймыз»-дейді пластикалық хирург Саманта Лал Сен.

Фото: inforesist.org


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?