Қазақстанда 2016 жылы құс еті өндірісі 196 мың тоннаға дейін артады

15 марта 2016, 11:55
Фото:

Қазақстанда 2016 жылы құс етінің өндірісі 196 мың тоннаға дейін өседі, жұмыртқа өндірісі шамамен 5 млрд дананы құрайды, деп мәлімдеді Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті Руслан Шәріпов. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz берген ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

«2016 жылға болжам бойынша еліміздегі құстың саны 36 млн құрамақ. Құс етінің сойылған күйіндегі салмағы бойынша жалпы өндіріс 196 мың тоннаға жетсе, жұмыртқа өндірісі шамамен 5 млрд дананы құрайды. Оның ішінде, құс фабрикаларында 182 мың тонна ет және 3,6 млрд дана жұмыртқа шығарылады», - деді ол Қазақстан құс өсірушілері одағының жыл сайынғы жиналысы барысында.

Р.Шәріпов айтып өткендей, жыл санап құс шаруашылығына қарастырылған мемлекеттік қолдаудың деңгейі артуда.

«Субсидиялау бағдарламасы қолға алынғалы бері оның көлемі 18 есеге көбейді. Егер 2014 жылы жұмыртқа өндірісіне 6,7 млрд теңге бөлінсе, 2015 жылы 9,7 млрд теңге қарастырылған. Етті құс шаруашылығына 2014 жылы 7,1 млрд теңге, 2015 жылы– 8,4 млрд теңге бағытталған», - деді ол.

Оған қоса, 2015 жылы құс фабрикаларының жем-азыққа арналған астықты сатып алуы Ұлттық қордың қаржысынан субсидияланды. Бұл бағытта сатып алынатын жем-азық астығының бір тоннасына 7,5 мың теңге көлемінде субсидия нормативі бекітілді.

Фото: www.livekuban.ru


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?