Қарғалы өзенінің қауіпсіздігін күшейтуге 2 млрд теңге бөлінеді

15 марта 2016, 12:15
Фото:

Алматыда өзен арналары мен бөгеттер мықтап бекітіледі. Бір ғана Қарғалы өзені арнасының қауіпсіздігін күшейтуге 2 миллиард теңге бөлінбек. Бүгінде қалалық төтенше жағдайлар қызметіжәне "Қазселденқорғау"мекемесі мен қала әкімдігі бірлесе отырып, өзен арналарын қатқыл қалдықтардан тазартып жатыр. Осы уақытқа дейін 1300 текше метр құм шығарылыпты, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Мамандар өзен арнасын тазарту жұмысына наурыз айының басында кіріскен. Бұл жұмысқа күнделікті 15 қызметкер мен 10-нан аса техника жұмылдырылып отыр. Кезекті тазарту жұмысы Бостандық ауданында жүргізілді. Үлкен Алматы өзенінен 25 КамАЗ құм шығарылған.

"6 наурыздан бастап осы күнге дейін 1300 текше метрге дейін құм тазартылып шығарылды. Жұмыстар әлі жалғасуда",- деді Алматы қаласы «Қазселденқорғау» ММ бөлім басшысы Кеңесжан Күнесбай.

Алатау бөктерінде селден қорғау мақсатында тағы төрт бөгет салынатын болды. Олар Аюсай, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінде және Ақсай шатқалында тұрғызылмақ. Құрылыс жұмыстары келер жылы басталады деп күтілуде. Одан бөлек, Қарғалы өзенінінің арнасын нығайту мақсатында 2 миллиард теңге бөлінеді.

"Жоба бойынша Үлкен Алматы өзенінде бөгет тұрғызуға 56 миллион теңге, Ақсайдағы бөгетке 90 миллион теңге, Кіші Алматыға 14,4 миллион теңге, Үлкен Алматыға 8,7 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр. Сел ұстайтын тоспалардың құрылысын екі жылда аяқтауды жоспарлап отырмыз",- деді Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов.

Алматыда жалпы ұзындығы 300 шақырым болатын 26 ірілі-ұсақты өзен бар. Жыл басынан бері Наурызбай ауданында Қарғалы және Ақсай өзендері, Медеу ауданында Тіксай өзені қоқыстан тазартылған. Сонымен қатар, Жетісу және Түрксіб ауданында тазарту жұмыстары жүргізілген.

Перизат Көмекбайқызы, Рашидин Якупов

Фото:bnews.kz


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?