БҚО-да 12 елді мекен жарықсыз қалды

16 марта 2016, 15:17
Фото:

Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгеріп, салдарынан бірнеше елді мекен жарықсыз қалды. Түнде болған қатты бораннан кейін Қазталов, Бөрлі, Сырым, Ақжайық аудандарындағы 12 ауылда жарық сөніп қалған, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Қазіргі уақытта аталған елді мекендерде шұғыл жасақтар жұмыс істеп жатыр. «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» акционерлік қоғамы директорының бірінші орынбасары Марат Жұмағалиевтің айтуынша, кешке дейін бұл ауылдарда электр желілері қалпына келтірілетін болады.

Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты Самара-Шымкент тасжолының Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі жолында уақытша көлік қозғалысы шектеліп отыр. Қазір аталған аумақта жолды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Талғат Серікқалиұлы

Фото:klops.ru



Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?