«Қорғас–Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портындағы жүк айналымы 2020 жылы 5 млн тоннаны құрайды

29 апреля 2016, 10:07
Фото:

2020 жылға қарай «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портында жүк айналымы шамамен 5 млн тоннаны құрайды, деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті Берік Қамалиев Парламент Мәжілісіндегі комитет отырысында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Елдің шығысында көліктік-логистикалық хаб құру мақсатында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асыру мақсатында құрғақ порт құрылды, жобаны жүзеге асыру Қазақстанның шығыс қақпасына еуразиялық континенттегі жүк тасымалдаудың орталығына айналуға мүмкіндік береді. 2020 жылға қарай «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА арқылы 5 млн тонна жүк тасымалданады деп күтілуде», - деді Б.Қамалиев.

Айта кетейік, «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА Қытай мен Алматы облысының Панфилов ауданы шекарасында орналасқан, 4 мың га жерді алып жатыр. Экономикалық аймақ Қытай, Шығыс Азия, ТМД елдері мен Еуропа, Парсы шығанағы және өзге бағыттардың қиылысында тұр.

Фото:www.inform.kz


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?