Көкшетауда мас күйінде көлік тізгіндеген 80 жүргізуші ұсталды

29 апреля 2016, 12:52
Фото:

Көкшетауда мас күйінде көлік тізгіндеген 80 жүргізуші ұсталды. Олардың 8-і осыған дейін де ішімдік ішіп, көлік жүргізген. Енді олардың үстінен қылмыстық іс қозғалады, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.

Айыптары толығымен дәлелденіп жатса, 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Жалпы шара барысында ірілі-ұсақты 2 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған. Олардың басым бөлігі жол ережесіне қатысты болса, қалғандары қоғамдық тәртіпті бұзғандар. Жергілікті полиция қызметкерлері тексеріс кезінде көпшілік орындарда мас күйінде жүріп, жұрттың мазасын алған 350 адамды ұстаған.

Жанбай Омаров, облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы

-Бүгінде кей тұрғындардың қоғамдағы мәдениеті өкінішке орай көңіл көншітпейді. Қолындағы қоқысты кез келген жерге тастайтын, көпқабатты үйлердің кіреберісінде темекі тартып, көпшілік орындарды ластайтындар әлі де баршылық. Аталған шара барысында осындай 100 адам ұсталып, олар әкімшілікке жауапкершілікке тартылды. Бірақ біз қоғамдық ұйымдармен бірігіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы мұндай заңбұзушылықтардың алдын алуға тырысудамыз.

Фото:ustinka.kz


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?