Астанада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді

29 апреля 2016, 17:06
Фото:

Астана қаласының әкімдігі Ақмола және Қарағанды облыстарының жақын жатқан аудандарының және Астана қаласының тауар өндірушілердің қатысуымен өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелердің маусымын ашуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Жәрмеңке 2016 жылдың 22 сәуір мен 8 қараша аралығында апта сайын таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін «Думан» ОСО (автотұрақ) алдында және Кенесары көшесі, 14 үй, Хаджымұқан Мұнайтпасов атындағы орталық стадионының автотұрақ алаңында өтетін болады.

Жәрмеңкеде 150 жуық Ақмола және Қарағанды облыстарының жақын жатқан аудандарының және Астана қаласының жеткізушілері мен тауар өндірушілері атсалысады атап айтқанда, 40 өндіруші Қарағанды және Ақмола облысынан болса, 110 Ақмола облысы мен Астана қаласының кәсіпкерлері.

Екі жәрмеңкелік іс-шараларда келесідей тауарөндірушілер қатысады: «Капитал Натур продукт» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Милк прожект» ЖШС, «Дәмді ет» ЖШС , «Казгер -Кус» ЖШС, «Жас қанат» ЖШС және т.б.

Қаланың тұрғындары мен қонақтары 500-ге жуық азық-түлік тауарларын атап айтқанда: ет, балық, сүт өнімдерін, шұжық, жеміс-көкөніс және ұн, май жарма бұйымдарын нарық бағасынан төмен бағамен сатып ала алады.

Фото:today.kz


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?