Горячие новости
Читайте также

Павлодар облысының этномәдени бірлестіктеріне гранттар табыс етілді

Павлодар облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 13 филиалы жұмыс істейді.

Фото : 3 мая 2016, 09:35

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдің этномәдени бірлестіктерінің жетекшілеріне гранттар тапсырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аймақ басшысы этномәдени бірлестіктердің өңірдегі татулықты, этносаралық және конфессияаралық келісім мен толеранттылықты сақтаудағы жұмысына жоғары баға берді.

- Этномәдени ұйымдар халықтың бірлігі мен ынтымағын сақтауда үлкен роль атқарады. Ел бірлігінің арқасында ғана біз Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарын, «Нұрлы жол» бағдарламасын, «Бес институционалды реформаны, «Мәңгілік ел» жолдауын жүзеге асырамыз, - деді Болат Бақауов.

Павлодар облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 13 филиалы жұмыс істейді. Сонымен қатар облыс орталығында 24, облыстың қалалары мен аудандарында 84 этномәдени бірлестік қызмет етеді.

Фото:pavlodarnews.kz



Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии