ҚР жер заңнамасын бұзғандығы үшін 171 субъектіге 169,5 млн теңгеге айыппұл салынды

3 мая 2016, 13:45
Фото:

Қазақстанда 2015 жылы 187 меншік иесі мен жерді пайдаланушыға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми статистика мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы 187 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 171 субъекті 169,5 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен, жер заңнамасын сақтау жөніндегі әкімдіктердегі бақылау органдары тарапынан агроөнеркәсіптердегі кешендерге тиесілі жер телімдеріне тексерулер жүргізілді. 2015 жылы және 2016 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген тексерулер ауыл шаруашылығы мақсатындағы 263,9 мың га жердің тиімсіз пайдаланылғанын анықтады.

2016 жылдың бірінші тоқсанындағы мәлімет бойынша 7 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 5 субъекті 106 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айтып өтер болсақ, песицидтер тізіміне ресми енгізілмеген химикаттарды пайдалануға Қазақстан заңнамасы тыйым салады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің агрохимия қызметі мен әкімдіктердің жер инспекциялары жер қыртысы мен оның жағдайын үнемі бақылауда ұстайды. Заңнаманы бұзған жағдайда жерді қайтарып алуға дейінгі қатаң шараны қолданады.

Фото:rgmedia.kz


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?