Жасұландықтар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады

5 мая 2016, 15:02
Фото:

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Шымкент қаласының С.Рахымов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін аралап, оларды осынау айтулы мерекелерімен құттықтады, сондай-ақ олардың тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс етті. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп жазады.

Харьков пен Ворошилов, Польша, Литва мен Латвиядағы соғысты басынан кешірген, тіпті сонау Германияның өзіне дейін барған ардагер Абылай Қазыбаев болашақ әскери қызметшілерге әскери қызметі туралы тарихпен және баға жетпес білімімен бөлісті.

Соғыс батыры Абылай ата жас ұрпаққа өзінің майдан тарихын әңгімелеп, ұзақ жылғы қызметіндегі жауынгерлік даналығынан сыр шертті. Ардагер қарт майдандас достарын, олармен бірге өткізген сұрапыл соғыс жылдарындағы қайғы-қасіретті еске алды. Өздеріне кезек келгенде курсанттар ардагерге майдан және халық әндерін орындап, өздері шығарған өлеңдерді оқып берді.

Балалар әр ардагерге арнап өз қолдарымен ашық хаттар әзірлеп, оларды Шымкент қаласынан Ұлы Отан соғысына қатысқан бүкіл ардагерлерге тарту етті. «Жас ұлан» республикалық мектебінің курсанттары Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен ұдайы кездесулер өткізіп, олардың шаруашылықтарына көмек көрсететінін айта кеткен жөн. Сондай-ақ қарттармен әңгімелесіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

Бұл құндылықтар жас өспірім кезден берілетін қасиеттер. Өйткені болашақ әскери қызметшілер соғыс батырларын, олардың жасаған ерліктерін есте сақтап, біліп жүруі тиіс және өткен жылғы түлектердің дәстүрін жалғастыруы қажет.

Фото:www.mod.gov.kz


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?