Алматыдағы түнгі клубтардың бірі өртенді

Zakon.kz Zakon.kz
ҚР ІІМ ТЖК хабарлайды.

Сағат 05:25-те Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Алмалы ауданындағы Aragosta түнгі клубында өрт шыққаны туралы куәгерден хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Алғашқы бөлімше оқиға орнына бес минуттан соң, сағат 05:30-да келіп жеткен. Ол кезде өрт периметр бойынша жайылып, тіпті көрші ғимараттарға көшу қаупі де туған екен. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында бұл қауіптің беті қайтарылды. Алау шарпыған аумақ анықталып жатыр.

Өрт сөндіру барысында 3 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылып, жағдайдың ушығуына жол берілген жоқ.

Сағат 06:43-те өрт ауыздықталып, өрт сөндіру жалғасып жатыр.

Фото: 24.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления