Алматыға ит тілін түсінетін танымал кинолог келді

Zakon.kz Zakon.kz
40 жылдық тәжірибесі бар кинолог тәжірибелік сабақ өткізіп, төрт аяқты жануарды қалай тәрбиелеу керектігі жөнінде тәптіштеп түсіндірді.

Қаламызға ит тілін түсінетін адам келді. Алекс Вяткин бірнеше минуттың ішінде сіздің жануарыңыз туралы барлығын айтып береді. Қаладағы кинологиялық орталықтарының бірінде 40 жылдық тәжірибесі бар кинолог ит туралы жан-жақты дәріс оқыды, деп хабарлады Алматы телеарнасы.

Алматыға адамның досы саналатын иттің тілін түсінетін маман келді. 40 жылдық тәжірибесі бар кинолог тәжірибелік сабақ өткізіп, төрт аяқты жануарды қалай тәрбиелеу керектігі жөнінде тәптіштеп түсіндірді. 1,5 мыңнан аса қожайын мен итті дайындаған маманның біздің елімізге келуі де кездейсоқтық емес.

"Маған оның иттермен байланысы ұнайды. Оның иттерге көзқарасы, тәрбиелеу мәдениеті ерекше болғандықтан, арнайы шақырттық. Дәріс барысында біз АҚШ-та ірі иттерді қалай баптайтынын білдік. Өйткені ол жақта төрт аяқты жануарларға талап өте қатты. Сонымен қатар, ашушаң, қабаған иттерді қалай тыныштандыру керектігі жайлы және көшеде қыдырту ережелерін білдік",- деді кинологиялық орталық жетекшісі Нұркен Халықберген.

Алекс Вяткин - әлемдік деңгейдегі кинолог. АҚШ-та 12 жыл көлемінде қызметтік иттерді жаттықтырған. Түрлі байқаулардың да жеңімпазы атаныпты. Ал, қазіргі таңда маманның қызметтік иттерді дайындауда басқа мәселе кедергі келтіріп жатқандығын алға тартуда.

"Олар не үшін керек? Қазіргі таңда қызметтік иттерді дайындау қиын. Не себепті дейтін болсақ, олардың көбісін қазір көрмеге икемдейді. Басының, құйрығының формасына, яғни түр-әлпетіне қарап таңдайды. Дегенмен бұл қасиеттердің жұмыс процесімен еш қатысы жоқ. Қызметтік қабілетіне қарай таңдау керек",- деді халықаралық дәрежедегі кинолог Алексей Вяткин.

Білікті маманнан дәріс алғысы келген адамдар қарақұрым. Олардың дені төрт аяқты серіктерін көшеде қалай серуендету керек, тіпті қиын жағдайда қалай қорғау керектігі жайлы білуге келген. Себебі Алекс жарты сағаттың ішінде иттің қожайынына оның жануары туралы барлығын айтып беретін қасиетке ие.

Азамат Әуезхан, Валерий Таубалдиев

Фото: www.profirk.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления