Бір апта бұрын Шымкенттен қашып кеткен сотталушы Қызылордада ұсталды

Zakon.kz Zakon.kz
ҚАЖ департаменті қызметкерлері қашқынның ізімен жүрді деп айтуға болады. Ақыры, сауатты жүргізілген іздеу шаралары сотталушының республика аймақтарында белсенді жылжығанына қарамастан нәтижелі аяқталды.

Қызылорда қаласының орталығында мерзімін өтеуден жалтарған сотталушы ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаменті берген ақпаратқа сілтеме жасап.

«29 жастағы сотталушы (ауыр қылмысты жасағаны үшін 3 жылға сотталды) ИЧ-167/10 қоныс колониясында жазасын өтеуден жалтарды. Ағымдағы жылдың 20 мамырында ол жұмыс нысанын тастап, белгісіз бағытта кетіп қалған», - деп атап өтті әңгімелесу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Бақытжан Қуандықов.

«ҚАЖ департаменті қызметкерлері қашқынның ізімен жүрді деп айтуға болады. Ақыры, сауатты жүргізілген іздеу шаралары сотталушының республика аймақтарында белсенді жылжығанына қарамастан нәтижелі аяқталды. Енді жылжып жүру құқығын пайдалану рұқсат етілген сотталушы түзеу мекемесіне қайтып оралмағаны үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп қосты Б.Қуандықов.

Фото: telegraf.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления