Ақтаулық дизайнердің қазақы киімдері шетелде де сұранысқа ие

Zakon.kz Zakon.kz
Дизайнер бірнеше ай бұрын «Сакура» атты жаңа топтамасын ұсынды. Қазір екінші киімдер желісін шығара бастады.

Табысты кәсіптің кілті – еңбекте. Бұл ақтаулық сәнгер Нұржамал Нұрпейісованың өмірлік ұстанымы. Қазақтың ұлттық киімдеріне заманауи өң беріп, ою-өрнекті ұлықтаған дизайнер сән әлемінде өзіндік орнын қалыптастырып үлгерген. Оның киімдері мен әшекейлеріне шетелден де тапсырыстар түседі, деп жазады 24.kz арнасы.

Табиғи дарын, талмас табандылық және қажымас еңбек. Осы үш қасиетті ұштастыра білген Нұржамал Нұрпейісова 15 жыл бұрын сән әлеміне қадам басты. Ұлттық ою-өрнектерден заманауи дүние шығарған дизайнердің батыл қадамы сән индустриясы үшін үлкен жаңалық болды. Бүгінде елімізде «Нұр-Шах» атты отандық бренд қалыптасып, сән үйінің киімдері мен әшекейлері халықтың бағасын алып үлгерген.

Нұржамал Нұрпейісова, сән үйінің директоры:

- Сән әлеміне келгендегі бірінші мақсатым – ұлттық ою-өрнекті күнделікті тұрмысқа енгізу болды. Әсіресе, Маңғыстаудың өзіндік нақыштарын танытқым келді. Ал табыстың кілті – еңбек пен үнемі ізденісте болуда деп білемін. Ешқашан болдым-толдым деп, бір орында тоқтап қалуға болмайды.

Киімнің сапасы мен қызметкерлерінің сыпайылығына мән беретін Нұржамал Нұрпейісованың сән үйінде 50-де астам қыз-келіншек еңбек етеді. Табысты кәсіпкер әлеуметтік жауапкершілігін де ұмытқан емес. Мұқтаждарға көмек қолын созып, мүмкіндігі шектеулі жандарды да жұмыспен қамтып отыр.

Нэля Аванесянц, тігінші:

- Осы сән үйі құрылғалы бері еңбек етіп келемін. 15 жылдың ішінде ұжымым отбасыма айналды. Нұржамал ханым әділ әрі адал басшы. Соның арқасында болар, ұжымда сыйластық пен татулық салтанат құрған.

Бешпет, қамзол, кәжекей, сәукеле мен әдемі әшекейлер. Сән үйінде айына 300-ден астам туынды өмірге келеді. Ұлттық қолөнерді ұлықтаған халқымыз отандық өнімнің қадірін біледі. Тіпті қазақы киімдер Ресей мен Дубай секілді алыс-жақын шетелде сұранысқа ие.

Жаңыл Әлібаева, тапсырыс беруші:

- Осы сән үйінен басқа үйге тапсырыс бергім келмейді. Себебі бұл сән үйінің жұмысшылары өте сыпайы. Әрқашан жаңарып тұрады. көне мұраларымызды жаңғыртып, қазіргі нақышта сәнді киімдер тігеді.

Дизайнер бірнеше ай бұрын «Сакура» атты жаңа топтамасын ұсынды. Қазір екінші киімдер желісін шығара бастады. Жаңа сауда белгісі арқылы жаппай шығарылымдағы киімдер өндірісі жолға қойылып, халыққа қолжетімді бағада сатылмақ.

Мөлдір Мұсаева, Саламат Бекбаев

Фото: 24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления