Ақтөбеде биіктігі 6 метрден асатын «Домбыра ескерткіші» орнатылды

Zakon.kz Zakon.kz
Есткерткіш «Шератон» қонақ үйінің жанындағы «Қыз қуу» мүсінінің орнына орналастырылды.

Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова мен Әбілқайыр хан даңғылдарының қиылысында домбыра түріндегі ескерткіш орнатылды. Музыкалық ескерткіш авторы -ұста Қуатбек Ещанов, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Домбыраның биіктігі - 6,3 метр, ені - 1,4 метр. Біз аспаптың барлық параметрлері мен бөлшектерін сақтап жасауға тырыстық», - деді Қуатбек Ещанов.

Есткерткіш «Шератон» қонақ үйінің жанындағы «Қыз қуу» мүсінінің орнына орналастырылды.

Бойжеткеннің сылбыр жігітті қамшымен сабамақ болғанын бейнелейтін мүсін қала тұрғындарының арасында қызу талқыланған. Енді оның орнына алып домбыра мүсіні орнатылып, жастардың «Домбыра party» жиындарын өткізетін сүйікті орнына айналмақ.

Фото:inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления