2017 жылы ИИДМБ бойынша алғашқы магистрант түлектер еңбекпен қамтылады – ҚР БҒМ

Zakon.kz Zakon.kz
Ведомствода мәлімдегендей, 2015 жылы 11 ЖОО-на халықаралық стандарттарға сай зертханалар құруға 3 млрд теңге бөлінді: 4 ұлттық ЖОО-дарына - 1,5 млрд теңге және 7 басқа да ЖОО-дарына - 1,5 млрд теңге.

Индустриаландырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында басымдықты мамандықтар бойынша оқитын кадрларды еңбекпен қамту үшін еліміздің жоғары оқу орындары өздерінің серіктестері - ИИДМБ кәсіпорындарымен бірге барлық қажетті жұмысты жүргізуде, деп мәлімдеді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының м.а. Гүлзат Көбенова.

«Үш жақты келісім жасалды: ЖОО - магистрант - кәсіпорын. Келісім олардың базасында өндірістік тәжірибеден өтіп, әрі қарай жұмысқа тұруды қарастырады», - деді Г.Көбенова Мәжілісте 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бюджет қаражатының және Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау жөніндегі Комиссия отырысында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Ол 2017 жылдың бірінші тоқсанында ЖОО-ның жанындағы зертханалар базасында жаңа білім бағдарламалары бойынша оқып жатқан алғашқы магистрант түлектердің оқуларын бітіретіні күтілетінін айтып өтті.

«Оларды жұмыспен қамту үшін оқу орындары өздерінің серіктестері - ИИДМБ кәсіпорындарымен барлық қажетті жұмыстарды жүргізді», - деп атап өтті Г.Көбенова.

Отырыста сондай-ақ 2015-2016 жылдарға жоғары оқу орындарындағы зертханалардағы базалық жабдықтауды қаржыландыру мәселесі талқыланды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, мемлекеттік бюджет пен ҚР Ұлттық қор бюджетінен 2015-2016 жылдары ҚР жоғары оқу орындарында қазіргі заманғы зертхананы құруға 6 млрд теңге бөлінген,

Ведомствода мәлімдегендей, 2015 жылы 11 ЖОО-на халықаралық стандарттарға сай зертханалар құруға 3 млрд теңге бөлінді: 4 ұлттық ЖОО-дарына - 1,5 млрд теңге және 7 басқа да ЖОО-дарына - 1,5 млрд теңге.

Фото: thedb.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления