ҚР шекарасында ресейлік 5 тонна контрабандалық дизель отынымен ұсталды

Zakon.kz Zakon.kz
1-маусымы күні елімізден Ресей Федерациясына қарай кетіп бара жатқан сол елдің азаматын ұстады.

Қазақстандық шекарашылар ресейлікті 5 тонна контрабандалық дизель отынымен ұстады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА, ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен келген ақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан – Ресей Шекарасында орналасқан "Әлімбет — авто" бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды осы жылдың 1-маусымы күні елімізден Ресей Федерациясына қарай кетіп бара жатқан сол елдің азаматын ұстады.

"Шекаралық тексеру кезінде жүргізуші "МАЗ" жүк көлігіндегі салмағы 5 тонна болатын дизельдің тиісті құжаттарын көрсете алмай, көз қысты, бармақ басты жолмен алып өтуге тырысты",-делінген хабарламада.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 197 бабы бойынша (Мұнай және мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау) ақпаратты тіркеу кітабына жазылып, Ақтөбе облыстық Мемлекеттік кіріс департаментіне берілді.

Фото: newskaz.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления