Еліміздегі ЖОО-ларда 26 зертхана пайда болады

Zakon.kz Zakon.kz
Заманауи технологиялардың игілігін 13 университеттің студенттері көре алады.

Қазақстандық жоғары оқу орындарында 26 жаңа зертхана ашылады. Бұл мақсатқа «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан 3 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Заманауи технологиялардың игілігін 13 университеттің студенттері көре алады. Бүгін Парламентте білім ошақтарының ректорлары мен Білім және ғылым министрлігінің өкілдері осы бағытта атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасады. Отырыста зертханаларды іске қосу барысындағы қиындықтар туралы да айтылды. Мәселен, қаржы уақтылы түспей, ғылыми орталықтардың қызметі тиісінше бақыланбайды екен.

Бейбіт Мамраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ашығын айтайын, ашылған зертханалардың тиісті деңгейде жұмыс істейтініне күмәнім бар. Білім және ғылым министрлігінде зертханаларды тексеріп, қаншалықты қажеттігін анықтаған қандай да бір ақпарат бар ма?

Гүлзат Көбенова, ҚР Білім және ғылым министрлігі департаменті директорының м.а.:

- Бұл зертханалар бүгін қалыптасты. Болашақта ЖОО бізде қабылданған білім және ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес өз тарапынан мемлекеттік-жеке серіктестік аясында материалдық-техникалық жағдайын күшейту бойынша шараларды қабылдайды міндетті түрде.

Фото: 24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления