Қазақстанда жыл басынан бері мұнай өндіру көлемі 26,2 млн тоннаны құрады

Zakon.kz Zakon.kz
2016 жылдың алғашқы 4 айында (қаңтар-сәуір) республикадағы мұнай өндіру көлемі 26,2 млн тоннаны құрады, деп хабарлады ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев халықпен есептік кездесуі барысында.

«2016 жылдың алғашқы төрт айында 26,2 млн тонна мұнай өндiрiлдi. Осылайша, бiз жоспарды 4%-ға асыра орындап отырмыз. Мұнай бағасының өсуi компанияларға бұрғылаудың қосымша көлемдерін жүргізуге және осы жылдың жоспарын асыруға мүмкiндiк бередi», - деді Қ.Бозымбаев. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Сонымен қатар, министр айтып өткендей, халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша «мұнайдың әлемдiк бағасы тек 2017-2018 жылдары баррелiне 60-65 доллар деңгейiнде болады».

«Бiз мұнай өндiру көлемi 2017 жылы тұрақталады деп болжап отырмыз. Мұнай өндірудің негізгі өсімін «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролеум», сондай-ақ «Қашаған» жаңа кен орны жүзеге асырады», - деді Энергетика министрі.

Ол сондай-ақ 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай мен конденсант өндiру көлемi 79,5 млн тоннаны құрағанын айтты.

Қ.Бозымбаев айтып өткендей, ағымдағы жылдың соңына дейін мұнайдың әлемдік бағасы 30 доллар шегінде сақталған жағдайда мұнай өндіру көлемі 74 млн тонна деңгейде жоспарланған.

Фото: ria.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления