Бос жұмыс орындарының ең көп саны Қазақстанның 5 өңірінде тіркелген - ДСӘДМ

Zakon.kz Zakon.kz
2016 жылы бос орындар санының басым көпшілігі Ақмола, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында тіркелді.
«Еңбек» (www.enbek.kz) порталының мәліметінше, 2016 жылдың басынан бастап Қазақстандағы бос орындар туралы хабарламаның басым көпшілігін Ақмола, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кәсіпорындары мен ұйымдары ұсынды. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылғы қаңтар мен мамыр айлары аралығында порталдағы бос орындардың басым көпшілігі өндіріс және өнеркәсіп саласындағы мекемелерден келіп түсті.

Жұмыс іздеуші азаматтар көп жағдайда қызметтердің келесі түрлерін қарастырады: ақпараттық технологиялар саласы; кеңсе жұмысы; аутсорсинг, фриланс; есеп ісі мен аудит; медицина, фармацевтика (дәрігер-косметолог, медициналық статист, диетолог дәрігер, клиникалық зертхананың дәрігер-зертханашысы); мұнай, газ, энергетика; өндіріс және өнеркәсіп (прораб, өндірістік-техникалық бөлім басшысы, инженер-жобалаушы).

«Өз кезегінде жұмыс берушілер болашақ қызметкерді іздеу барысында келесі маман иелерін қарастырады: жүйелік администратор, программист; геология және кен орындарын барлау бөлімінің басшысы; сату бойынша директор; инженер-дефектоскопист; салық маманы; құжат айналымын жүргізуші/кеңсе менеджері; электромеханик; ұста-жөндеуші», - деп хабарлайды ведомствода.

Портал ақпараттарына сай, жұмыс берушілердің 50%-ы бос орындарға қойылар шарттарында жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білімді талап етеді, 25%-ы орта білікті техникалық мамандарға зәру.

Сонымен бірге, порталда жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бірқатар бос орындар ұсынады. Оларға келесі мамандықтар бойынша жұмыс ұсынылады: ағылшын тілінің аудармашысы, копирайтер (үйден жұмыс істеу), студенттік және курстық жұмыс жазу авторы (үйден жұмыс істеу), эндокринолог дәрігер, бас есепші, есепші, оператор-іріктеуші (пошта қызметінде), электрші.

ДСӘДМ-де еске салып өткендей, «Еңбек» порталы – Қазақстандағы жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша арнаулы интернет ресурсы. Порталда аудио-бейне байланыс арқылы онлайн әңгімелесу мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінде портал қорында 21 мыңнан астам бос орындар бар.
Фото:
inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления