Ақтөбеде экстремистердің шабуылынан кейін 20-дан астам іс қозғалды

Zakon.kz Zakon.kz
Жексенбіде белгісіз қаруланған адамдар тобы Ақтөбедегі екі қару дүкеніне және әскери бөлімге қарулы шабуыл жасаған.
Ақтөбеде экстремистердің шабуылынан кейін 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА, еліміздің Бас Прокуратурасынан түскен ақпаратқа сілтеме жасап.

"20-дан астам қылмыстық іс қозғалды", - деді агенттікке хабарлаушы.

Ол істердің бір бөлігі өліммен, қарақшылық шабуылмен, ғимаратқа шабуылмен, қару ұрлаумен байланысты қозғалғанын түсіндірді.
Жексенбіде белгісіз қаруланған адамдар тобы Ақтөбедегі екі қару дүкеніне және әскери бөлімге қарулы шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан алты адам қаза тапты, оннан астамы жараланды. Қалада терроризмге қарсы күрес операциясы режимі енгізілді.Сейсенбіде таңертеңгі жағдай бойынша Ақтөбеде бірнеше нысанға шабуыл жасағандардан 13 адам өлтірілді, төртеуі жарақаттанды, тағы жетеуі іздестірілуде.

Фото: newskaz.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления