Қазақстанда қару сататын дүкендер жабылуы мүмкін

Zakon.kz Zakon.kz
Мұхтар Құл-Мұхаммед лаңкестіктен қаза тапқан зейнеткер Николай Онищенконың отбасына келген кезде айтты.
Ақтөбеде орын алған оқиғадан кейін Қазақстанда қару дүкендері жабылуы мүмкін. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед лаңкестіктен қаза тапқан зейнеткер Николай Онищенконың отбасына келген кезде айтты, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Зейнеткер «Паллада» дүкенінің жанынан өтіп бара жатып, кездейсоқ көз жұмды.

Онищенконың жанұясы кезінде үйлерінің жанына қару дүкенін салуға келіспей, шағымданғанын айтты.

-Қазір қару дүкеніне қатысты заңнама бойынша ауқымды мәселелер пакетін қарап жатырмыз. Ондай дүкендерге бір қалада ғана емес, ел бойынша тыйым салу қажет, - деп атап өтті ол.

Қанат Мәметқазыұлы

Фото: www.inform.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления