Павлодар солтүстік өндірістік аймағында жылу трассасының 150 метр қаптамасы өртенді

Zakon.kz Zakon.kz
150 метр жылу трассасын есепке алғанда, жалпы аумағы 500 шаршы метр жер сөндірілді.
Павлодар қаласының солтүстік өндірістік аймағында жылу трассасы бойындағы жарты шақырым құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Марал Сағынаеваның айтуынша, тілсіз жауды ауыздықтауға мамандандырылған екі бөлім жұмылдырылған.

- Оқыс оқиға орын алғаны туралы өрт сөндіру қызметіне хабарлаған куәгердің арқасында қызыл жалынға дер кезінде тосқауыл қойылды. Құбырларда «Павлодар жылу желілері» ЖШС-не тиесілі оқшаулағыш материал өртенген. Сонымен қатар, жылу трассасының бойында шөп жанған. Нәтижесінде 150 метр жылу трассасын есепке алғанда, жалпы аумағы 500 шаршы метр жер сөндірілді, - дейді М. Сағынаева.

Өрт сөндірушілердің пайымдауынша, тілсіз жау қурап қалған шөптің тұтануынан шыққан болуы мүмкін. Сондай-ақ, мамандар жылу трассаларында өрттің туындауына адами фактор себеп болады деген пікірде.

Омар Еркін

Фото:pavlodarnews.kz.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления